Пәлсапа пернелері

ИММАНАУИЛ КАНТ

(22 сәуір 1724 ж., Кенигсберг, Пруссия – 12 ақпан 17804 ж., сонда)

Неміс философы, неміс классикалық философиясының көшбасшысы, ағартушылық және Романтизм кезеңдерінің бел ортасындағы философ.

                                                                        

Философиялық шығармалары:

Танымның үшінші сатысы – трансценденттік танымда таза ақыл-ой заттардың көрініс әлемімен шектеліп қалмай, олардың ар жағында не бар екенін білуге, басқаша айтқанда, «өзіндік заттардың» табиғатын, мәнін түсінуге ұмтылады да, шешілмес қайшылықтарға (антиномияларға) тап болады. Айталық, рух өле ме, өлмей ме, әлем қалай пайда болды, құдай бар ма, жоқ па, т.б. да осы сияқты сұрақтар антиномияларға толы. Осы мәселелерді көтеріп, оған жауап беріп жүрген схоластикалық, онтологиялық, рационалистік, діни, т.б. ілімдер жалған ғылымға жатпайды. Себебі бұл аталған идеялардың не дұрыс, не теріс екендігін теория жолымен дәлелдеу мүмкін емес, олай болса, «өзіндік заттарға» тән оның ішкі заңдылығын, мәнін біз танып-біле алмаймыз, сондықтан оған талпыну – бос әурешілік.
Керісінше, таза ақыл-ойдың адамның ерік-жігерін, практикалық іс-әрекетін айқындауға мүмкіндік береді. Айталық, адам тұлға ретінде табиғат заңдылықтарынан төмен тұрғандықтан, сыртқы әлемнің әсерінен шыға алмайды, сол себепті ол реікті де емес, ал даралық қасиеттерінің ерекшеліктеріне, өзінің ылғи да танып-білуге ұмтылу қабілетіне қарасақ, ол өзінің практикалық ақыл-ойына сүйеніп, ерікті іс-әрекет жасайды. Бұл жағдайда адам барша жұртқа бірдей әдептілік заңы – әдептілік императивін басшылыққа алады. Әдептілік императиві бойынша, игіліктерге, бақытқа жетуге ұмтылу немесе сүйіспеншілік, жақсы көру сияқты қылықтар адамның іс-әрекетін әдепті қылмайды, керісінше, қоғамда қалыптасқан әдептілік заңдарын сыйлап, өз міндетіңді өтесең, сол өнегелі іс болып саналады. Мұндай этикалық міндеттілік адамдарға теория жүзінде емес, практика жүзінде әдептілік бостандығы тұрғысынан іс-әрекет жасауға сенім туғызады. Сөйтіп, адамның ар-ождан өлшемдері адамгершіліктің ең жоғары қағидасы – әдептілік императивінің талаптарына сай келеді.
Әдептілік діни жатсынуға тәуелді емес, себебі ол өз заңына сүйеніп, өзінше өмір сүреді. Ал дін – Құдайды ең жоғары идеал немесе Құдай алдындағы парыз ретінде түсінетін біздің барлық міндеттілігіміздің жиынтығы. Осыдан келіп, Кант: «Құдайға жағамыз деп сақтп жүрген діни институттардың тіпті де қажеті жоқ, тек әдептілік императиві негізінде тақуалы өмір сүрсең болғаны» деген тұжырым жасайды.

 
Философиялық көзқарастары:
Әдептілік императиві тұрғысынан Кант құқық, мемлекет, саясат мәселелерін де қарастырады. Оның пікірінше, қоғамдық өмірде әлеуметтік қарама-қайшылық елеулі орын алады. Ал осындай қоғамда әркім өзінше шексіз бостандыққа ұмтылғандықтан, олардың бостандықтары бір-бірімен қарама-қайшылыққа түседі де, әр азаматқа тән табиғи қасиеттерінің дамуына мүмкіндік туады. Осы негізде қалыптасқан мәдени өркендеу кейбір жеке адамдарға қайғы-қасірет, жамандық әкелуіне қарамастан, жалпы адамзат үшін ілгері басып, үдей түсуі қажет, онсыз прогресс болмайды. Ал мемлекет болса, қолына шоғырланған билікке сүйеніп, адамдардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасай бермейді. Сондықтан мемлекеттік билікті әдептілік императиві негізінде қалыптасқан құқық арқылы шектеу керек. Осының арқасында мемлекет дами келе, онда құқықтық, азаматтық қоғамның қалыптасуына жағдай жасайды.
Канттың бірбеткей міндеттілік этикасының кейбір пікірлері ХІХ және ХХ ғасырлар философиясының дамуына зор әсер етті. Ал ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Францияда, Германияда Кант ілімін жаңартып, дамытқан ілімдер пайда болды.

 
Философиялық афоризмдері:
Халық өз тілінен айырылған кезде харекетінен де айырылады.
* * *
Мінез – принцип бойынша әрекет етуге қабілеттілік.
* * *
Әділдік жоғалған кезде адамдар өмірін мәнді ететіндей ештеңе қалмайды.
* * *
Сұлулық – жалпы жұрттың ешқандай ұғым түсініксіз рахатына айналған нәрсе.
* * *
Жалғандық, дінқұмарлық, жұлымырлық, билікқұмарлық! Бұлар болмаса адам бойындағы ең ізгі табиғи қасиеттер де ұйқысынан оянбас еді.
* * *
Мемлекет құзырындағы күш біткеннің ішінде ақшаның күшінен асқан сенімдісі жоқ. 

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (08/04/2024)
Просмотров: 6 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: