Күй аңызы

ЖЫЛҚЫДА

Баяғыда көкжал Барақ деген болған. Өзі қанжығасының қаны кеппейтін ер. Күндердің күнінде орысқа бағынбаймын, шүршітке бас имеймін деп елін Арқаға көшіріп әкеліп, осы жерді жайлапты дейді. Сонда, бір күні жақсылармен мәжіліс құрып отырғанда бір орыс мүскін келіп, есік жақта тұрды дейді. Барақ, мынау не деген түрі жаман адам деп сескеніп қалыпты. Сөйтсе, әлгі орыс таяғының ұшынан Барақтың галошына у құйып кетіпті. Содан Барақ уланып ауырып, ақыры өлді дейді. Сонда өлерінде, а, шіркін, елімді жеткізе алмай кеттім, арманым сол деп тартқан “Арман” деген күйі екен.

Қария домбыраның шанағын сілкіп қалғандай болды. Сол қолының саусақтары перне бойлап, қаздаңдай жөнелген. Адамның жанын қамрыққа салатын, сол қамрықпен жаныңды сауықтыратын шерменде күй. Сабыт сәл шалқайыңқырап тыңдаған. Бейсауат келіп, жүйрік шыққан қонақтың өнеріне таңданыс пен сүйсініс… шерлі күйге иілген көңіл… жүзінен бәрі сайрап көрініп тұр.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (01/04/2024)
Просмотров: 6 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: