Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

436 >>

Дәйім менің мінгенім дөнен болса,

Жаз мініп, күз жіберген көбең болса.

Алдында шаршы топтың ән салайын,

Шынымен іздегенің өлең болса.

 

437 >>

Дәйім менің мінгенім алқара көк,

Қара көкке қададым үкілі шоқ.

Құба жонға шоқытып шыға келсем,

Жұрты жатыр қалқаның, ауылы жоқ.

 

438 >>

Дәйім менің мінгенім үкілі кер,

Үкіліме жарасар күмістен ер.

Алыс ауылың кеткенде, ей, қарағым,

Көзге күйік көрінер ойнаған жер.

 

439 >>

Дәйім менің мінгенім қара керім,

Жүрдек те емес қарагер, әлім-перім,

Тіршіліктің барында күл де ойна,

Күнде думан, күнде той жүрген жерім.

 

440 >>

Дәйім менің мінгенім сал күреңім,

Қызды ауылға қыдырып көп жүремін,

Табаныңа қадалған жалғыз тікен,

Маңдайыма қадалсын деп жүремін.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (15/04/2024)
Просмотров: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: