Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

426 >>

Деген соң қызыл дөнен, қызыл дөнен,

Қаршыға қолдан кетпес қызыл көрген,

Қарағым, өлең айт деп қинадың ғой,

Балаларың біздей болып айтсын өлең.

 

427 >>

Дегенде шабдар маңқа, шабдар маңқа,

Түседі шалқасынан шапқан жаңқа,

Келді де бір сұрқия ылаң салды,

Жүргенде сен екеуміз арқа-жарқа.

 

428 >>

Базарға қой айдаттым пұл екен деп,

Қояды қыздың атын «Ұлмекен» деп,

Бойыма ішкен асым тарамайды,

Көңілі «Ұлмекеннің» кімде екен деп.

 

429 >>

Базарда басы қымбат бас кілемнің,

Өспейді мал мен басы қаскүнемнің.

Сағынып өлең даусын жүргенімде,

Шығады даусы қайдан қос күреңнің.

 

430 >>

Базарда басы қымбат борда аттардың,

Көрінер сырты сұлу жорға аттардың,

Сағынып өлең даусын жүргенімде,

Шығады даусы қайдан бекзаттардың.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (01/04/2024)
Просмотров: 6 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: