Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

421 >>

Деген соң қоңыр тұсақ, қоңыр тұсақ,

Неде болса өмірің болсын ұзақ,

Әжетке сенен жақсы жарап жатыр,

Күлшетайға өтпейтін жаман пышақ.

 

422 >>

Дегенде қош болғайсың, қош болғайсың,

Ішінде шаршы топтың алыс, уай, қарағым,

Құрбыңды өзім деген еске алғайсың.

 

423 >>

Дегенде қатқан шұбар, қатқан шұбар,

Мейізді жан қалтадан татқан шығар,

Ақ сұңқардың қасынан ұшып кетіп,

Жапалақтың қойнында жатқан шығар.

 

424 >>

Дегенде қасқа атым-ай, қасқа атым-ай,

Мінемін той дегенде басқа атымды-ай,

Құдайдың маған берген бір нәубеті,

Қыздан жақсы көремін жас қатынды-ай.

 

425 >>

Деген соң қоңыр тұсақ, қоңыр тұсақ,

Өтпейді күлше нанға жаман пышақ.

Қарағым, әуре қылдың өлең айт деп,

Өмірің неде болса болсын ұзақ.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (25/03/2024)
Просмотров: 8 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: