АЛАУ, №14 (172), 23/05/2016

АЛАУКел, балалар, оқылық!

 

 

 

 

 

 

Газет 2002 жылғы 1 наурыздан шыға бастады      ************************************************************************************

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің қабырға газеті, shakhibbeker.ucoz.kz ibbeker@rambler.ru #14(172)

********************************************************************************

Нұрсұлтан Назарбаев. Еркін елдің ертеңі

ӨТКЕНГЕ ҚАРАП, ЕРТЕҢІНДІ ТҮЗЕ!

  • Өткенді тану, тарихты терең пайымдап, оған әділ баға беру – үлкен парасаттылық пен жауапкершілікті талап етеді.
  • Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ – тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық.
  • Атадан қалғанның бәрі бірдей алтын емес.
  • Ел бірлігі – ең асыл қасиет.
  • Бірлік – біздің қасиетті туымыз.
  • Бірлігі жақсының тірлігі тапшы болмайды.
  • Үдеудің сыры – бірлікте, Жүдеудің сыры – алауыздықта.
  • Бақ та, тақ та таласқанға бұйырмайды, халықтық істе жарасқанға бұйырады.
  • Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ.
  • Адамзаттың арманы – рухани бостандық пен сөз еркіндігі.
  • Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген кісі өзге халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды.
  • Отбасында екеу келіспесе – шаңырақ шайқалады, екі басшы келіспесе – компания күйрейді, ал ел ішінде, ұлт пен ұлыс арасында жанжал шықса – мемлекет құлайды.
  • Көзсіз көнтерілік те, ессіз күстаналық та – бірдей қауіпті.
  • Адамдар елдің өмірі қалай өзгеріп жатқанын өздерінің тұрмыс-тіршілігінен байқайды.
  • Нарық – ебі жоқтың ғана еншісін алып, амалшыл адамның несібесін асырады.
  • Әркім өзінің игілігіне еңбек етсін, сонда мемлекеттің де игілігі артады.
  • Адам уақытқа өкпе артпауы керек. Рас, уақыт қиын. Бірақ уақытты таңдамайды, онда өмір сүреді.
  • Басыңдағы бақытты бағалай алу үшін оның қадір-қасиетін толық танып-білуің қажет.
  • Ештеңе де өзінен-өзі аспаннан аяғы салбырап түсе қалмайды. Өсу, тұрақты даму жағдайына жету үшін де белгілі бір кезеңдерден өту қажет.
  • Қазақтың халық мақалы: «Шапшаң жүргенге шаң жұқпас» дейді. Сондықтан да бізге – уақыт төреші. Мұратына жүрген жетеді.
  • Бүгінгі қазақ – ұлттық сана деңгейіне көтерілген қазақ.
  • Өлшем біреу ғана – өте жоғары этика және кәсібилік.
  • Иә, жағдайды тым дәріптеп, қалыптасқан жаңа жағдайды күшпен өзгертуге тырысудың да қажеті жоқ. Алайда тарих дариясының жағасында ағыстан көз алмай, құр бақылап отырғаннан да ештеңе бітпейді.
  • Біз астананы мүлде жаңадан салдық. Оны көшіруге байланысты болған барлық проблемаларды жүрегімізден өткізді. Бұл арман еді. Енді ол – тамаша қала. Қазақстанның мақтанышы және жүрегі.

Мерейлі 50-түлектер!

 

Біздің Айбарыс – үкілеген үмітіміз,

Айбарыстан «Алтын белгі» біз күтеміз.

Талабымен артық туған түлегімізді,

Ізін басқан біздер ылғи үлгі етеміз.

 

Батыр есімін алып жүрген Райымбек,

Білімімен, талабымен бәрін жеңбек.

Қалаған оқуын бітірген соң,

Еліне адалынан етпек еңбек.

 

Мінезімен жанға жайлы Арланды біз,

Ағамыздай сондай жақсы көреміз.

Ұядан түлеп ұшар түлегіміздің,

Мақсаттарының орындалуын тілейміз.

 

Қай кезде де біздің Ануар көңілді,

Жігерімен спортта мықтап көрінді.

Ауыл менен мектеп үшін намыс жыртып,

Қанжығасына талай жүлдені ілді.

 

 

Артта қалып балғын шағы - ертегі, 
Дәл бүгіннен басталады ертеңі. 
Алып шығар ашық, терең теңізге 
Арман атты ақ кеменің желкені. 

Бойға жиған салт-дәстүр мен мұраны, 
Ел мүддесі болсын асқақ ұраны 
Мәртебесін көтеретін биікке 
Жас түлектер – Тәуелсіз ел қыраны! 

Асқан сайын өмір-жолдың өткелін, 
Жастық шағың – сағындырар көктемің. 
Тілекшің боп тұрады ылғи анаңдай 
Алыстағы алтын ұя мектебің... 

Жас түлектер қақты бүгін қанатын, 
Сәулелік күн жүрекке от жағатын. 
Кім ұмытар қоңыраудың сыңғырын 
Жүрегіңе мәңгі ұялап қалатын!

Жұмбақтар жаһанында

/№10(168) санда берілген 32 жұмбақтың жауаптары: Ай, жұлдыз; Аспан және жұлдыздар; Жұлдыздар; Аптаның жеті күні; Бұршақ; Жел; Бұлт; Қар; Топырақ; Жапырақ; Жаңғақ; Масақ, дән; Жиде; Алма; Ас бұршақ, Жоңышқа; Жүзім; Картоп; Тарының масағы; Лимон; Қызылша; Қарбыз; Анар; Пісте; Ошақ; От пен түтін, Желпуіш, Шоқ пен түтін, Май шам; Шам; Шамның пілтесі /

 

Нұрсұлтан Назарбаев. Еркін елдің ертеңі

 

ӨТКЕНГЕ ҚАРАП, ЕРТЕҢІНДІ ТҮЗЕ!

  • Біздің астанамыз – қайталанбас астана. Біздің қиялымыздың ұшқырлығы, ойымыздың өткірлігі мен шеберлеріміздің іскерлігі қаншаға жетеді, оның бірегейлігі де соншалықты болады.
  • Біздің еліміздің алдында Жердің бетінен әріде жатқан жаңа биіктер тұр, оның тең ортасында – тамыры тереңге жайылған Бәйтерек – Қазақстанның ғарыштық діңгегі тұр.
  • Мемлекеттің ең негізгі сыртқы саясаты – көршілермен тату болуымыз керек. Онсыз мемлекеттің болашағы бұлыңғыр болады.
  • Теңдік қағидасына негізделмеген ықпалдастықтан ештеңе де шықпайды.
  • Еуразиялық одақ – бүгінгі күн мен болашақтың күрделі сынақтарымен өлшенетін мегажоба.
  • Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет.
  • Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді.
  • Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап, күнделікті ақиқатқа айналады.
  • Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады.
  • Бүкіләлемдік тарихи процестің жеделдеуі қай кезде де мемлекеттер алдында жаңа шектеусіз мүмкіндіктер ашады.
  • Бәрін де тарихтың сый-сыбағасы деуге болар, алайда жан-жүрегіңнің аңсары болған азаттықты ешкім де сыйға тарта алмайды.
  • Жетекші фактор – бұл адамдардың өзі, олардың ерік-жігері, күш-қуаты, табандылығы, білім-білігі. Бұл – бізге гүлдену мен тәуелсіздік есігін айқара ашуға мүмкіндік беретін нақ сол «алтын кілттің өзі».
  • 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін.
  • Қазақстан табысты индустриялық держава болады – мен бұған әбден сенімдімін.
  • Қазақстан – қазіргі заманғы мемлекет. Біздің мемлекетіміз кемелдікке жетті.
  • Ал кейінгі толқын жастарға сенемін: Сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер...
  • Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
  • Қандай байлық болмасын, оның түбі бір сарқылатыны хақ. Сарқылмайтын, терең бойлаған сайын, керісінше, еселеп арта беретін байлық бар, ол – білім.
  • Материалдық игіліктермен еш өлшенбейтін руханият, адамгершілік деген даусыз ұлы құндылықтары бар.
  • Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз иабысының негізі.

Ұлы Жеңіс ұлағаты

МӘҢГІЛІК ПОЛК! МӘҢГІЛІК ЕСТЕЛІК! МӘҢГІЛІК ЖЕҢІС!

Майда мамырдың ажарын ашатын мәңгілік мейрам, мәңгілік мереке – Ұлы Жеңіс күні. Биыл жетпіс бірінші мәрте жер-жаһанда аталып өтті. Екінші дүниежүзілік соғыстың шешуші тармағы болып табылған Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқандарды, жазықсыз құрбандарды бір минуттік үнсіздікпен еске алдыратын һәм Бейбітшілік сыйлаған Жеңісті жеткізген батыр-баһадүрлерді құрметтейтін бірегей күн ғой әлбетте.

Қарт Ертісті жар жағалай қоныс еткен Бесқарағай ауылында осынау мереке биыл да игі дәстүр ізімен аталып өтті. Орталық көшеге жиналған мектеп оқушылары, мұғалімдер, ауыл тұғындары қолдарына Ұлы Отан соғысына қатысқан бесқарағайлықтардың аты-жөні һәм туған жылы жазылған, сонымен қатар фотосуреті бар қолдан жасалған планшеттерді жоғары ұстап, осымен үшінші мәрте «Мәңгілік полк» игі акциясына қатысты. Осынау мәңгілік полкті Ұлы Отан соғысының көзі тірі шежіресі, ардагер ақсақал Қаблен Қасенов бастады. Ұзағынан созылған шеру сол бетімен Ұлы Отан соғысына қатысқан бесқарағайлық жауынгерлер рухына арналып тұрғызылған Даңқ орнына беттеді. Ауыл тұрғындарымен қатар осынау қасиетті орынға алыс-жақыннан арнайы келген қонақ-меймандар да мейілінше жиналды.

Былтырғы жылы күрделі жөндеуден өткен Даңқ Ұлы Жеңіс күні бір жасап қалады. Соғысқа қатысқан Бесқарағай ауылының жауынгерлерінің есімдері қашалған мәрмәр тас ерекше көзге түсіп, бойды айырықша рухтандырады, жігерлендіреді. Бір сөзбен айтқанда, қасиетті орын бір жаңғырып қалады. Шара барысында бір минөттік үнсіздік болып, батырлар аты-жөні бедерлеген мәрмәр тасқа алқызыл гүлдермен тағзым етілді.

Даңқ орнында өткізілген митингіде күркіреген күндей өткен сұм соғыстан оралмағандар, бейбіт өмірде дүниеден озған соғыс ардагерлері рухына арнап, ауыл тұрғыны Қ.Күнбаев Құран оқыды. Қызылағаш ауылдық округі әкімі Ж.Байтілеуова, еңбек ардагері, зейнеткер ұстаз Д.Ақатаев, ауылдық ардагерлер Кеңесінің төрағасы С.Темірғалин өз сөзінде жиналған қауымды осынау маңызды мерекемен құттықтап, игі тілектерін Күн нұрындай жаудырды.

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары жылдағы игі дәстүр ізімен Ұлы Жеңіс тақырыбын ту еткен өлең шумақтарын әдеби монтаж түрінде ұсынды.

Аудан бойынша соғысқа қатысқан екі ардагер ғана қалса, соның бірі – Қаблен Қасенов ақсақал. Осынау мереке күні құрметті ақсақалды құттықтауға Лебяжі ауданы әкімі С.Жанғазинов және ауданымыздың басқа зиялы қауым өкілдері арнайы келіп, шын жүректен құттықтап, естелік сыйлықтарын салтанатты түрде табыстап, тоқсан үш жасты толтырған қарияның дастарқанынан дәм татты. Қадір-құрметтің шынайы таптырмас үлгісі деп осыны айтқанымыз абзал. 

Мереке мектеп алдындағы импровизацияланған сахнада концертпен жалғасты. Оның барысында былтыр жетпіс жылдық мерейтойда жүгірумен көзге түскен ауыл зейнеткерлері Д.Ақатаевқа, С.Темірғалинге, М.Ахатовқа, Ж.Молдажановқа Лебяжі ауданы әкімі С.Жанғазиновтің Алғыс хаттарын ауыл әкімі Ж.Байтілеуова салтанатты түрде табыс етті. Сонымен бірге шараға қатысқан тыл ардагерлері Б.Жүнісоваға, У.Жұмашевқа сый-сияпат көрсетілді. Ал мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Л.Қазбекова, мектеп мұғалімі Б.Ибрагим, 10 сынып оқушысы Алуа Увакова жиналған көрермендер назарына соғыс, патриотизм тақырыбындағы әндерден шашу шашты. Түс ауған соң мерекелік шаралар спорттық жарыстармен жалғасты. Шағын футболдан жарысқа түскен балалар ойын көркін қыздырды. Мейілінше тартысты өткен кездесуде жеңіске жеткен команда тәтті сыйлықтармен ынталандырылды.

Ұлы Жеңістің жетпіс бір жылдық мерекесі Бесқарағай ауылында осылайша аталып өтті. Соғыс һәм тыл ардагерлері қатары сиреп бара жатқанына қарамастан, осынау мейрам өз маңызы биіктей бермек. Асылы сол, ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды. 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

 

 

 

 

 

 

 

Шекарасыз «Қазақ тілі»

/№10(168) санда берілген тапсырмалар жауаптары: Жіңішке жалғанады: паркке, фактіге, геологке, киоскіге; Б, в, г, д әріптеріне біткен сөздерге қосымшалар тек қатаң дыбыстан басталып жалғанады; -ов, -ев жұрнақтары арқылы жасалған фамилияларға қосымша сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады; Қосымшалар ы, і дәнекер арқылы қосылады. Мысалы: фактіні, киоскіні, ромбыны, шрифтіні; Қосымшалар жалғанғанда түбірдің соңғы дыбысы түсіп қалады. Мысалы: съезге, треске, грамға, металға /

Ойлана ойнайық

/№10(168) санда берілгендердің жауаптары: 1а. қаз, қақ, қал, қан, қап, қар, қас; 2о. қой, қол, қом, қон, қоң, қор, қос, қош; 3ұ. құз, құл, құм, құн, құп, құр, құс, құт; 4ы. қыс, қын, қыр, қыс, қыш/

Жазғы демалыс жанға жайлы болсын!

 

Газет редакторы: Ибраһим Бегімхан Керімханұлы

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (26/05/2016)
Просмотров: 944 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: