АЛАУ, №08 (166), 26/02/2016

АЛАУКел, балалар, оқылық!

 

 

 

 

 

 

Газет 2002 жылғы 1 наурыздан шыға бастады      ************************************************************************************

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің қабырға газеті, shakhibbeker.ucoz.kz ibbeker@rambler.ru #08(166)

********************************************************************************

Нұрсұлтан Назарбаев. Еркін елдің ертеңі

ЖЕР ТАҒДЫРЫ – ЕЛ ТАҒДЫРЫ

  • Мектеп өмірдің алғашқы сабақтарын береді. Қоғамда өмір сүруге, оның тәртіптеріне бағынуға үйрете отырып, мектеп сонымен бірге әрбір баланың жеке ерекшеліктерін басып тастамауы керек.
  • Әр адам жұмыс істеуге, орналасуға және өмір сүруге мүмкіндік бар жерлерге ұмтылады. Бұл әлемнің барлық дамыған елдері үшін аксиома.
  • Егер біз өмір сапасының әлемдік жоғары үлгі-қалыптарына жетеміз десек, онда соған сәйкес еңбек ету қажет.
  • Діни фанатизм нанымның молдығынан емес, шынайы діни мәдениеттің кемдігінен шығады.
  • Меніңше, діннен адамдарды бір-біріне қарсы қоятын емес, бір-бірімен табыстыратын бастауларды іздеген абзал.
  • Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйтқы болған – оның ғажайып тілі.
  • Дінді зорлық қылып пайдалану – біздің жүрегіміздегі Құдайдың айтқанымен емес, саяси әзәзілдердің айтқанынан етек алып жүрген әдет.
  • Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда – еліміз үшін алаңдамауға да болады.
  • Тарих пен тіл – тамырлас.
  • Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі – тіл.
  • Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер.
  • Еліміздің басты байлығы, ең қастерлі қазынасы жердің астында да емес, үстінде де емес – адамдарымыздың жүрегінде.
  • Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды.
  • Тек саламатты ұлт қана бәсекелестікке қабілетті болмақ.
  • Сөз бұзылса, ой да бұзылады.
  • Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол ұлтымыздың анасы.
  • Бізге Ана тілімізден асқан тарихи мұра жоқ. Ендеше, оны жан аямай қастерлеуден асқан парыз жоқ.
  • Халқына жаны шындап ашитын қайраткер орға жығатын емес, өрге шығатын жол сілтейді.
  • Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол шетел тілінде сөйлесе – тіпті жақсы. Бірақ он шетел тіліне орап, ана тілін тұншықтырып, көміп тастаса – ол кешірілмес күнә.
  • «Егер де өзім бүгін заңға қайшы келсем, қарсы шықсам, онда ертең құқығым табанда басылған кезде менің сол құқығымды кім жақтайды, кім қолдайды?» деп ойлау керек.

 

ҰБТ: озық тәжірибе, ортақ әдіс

 ДҰРЫС БІЛІМ АЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Әлбетте, «үйрену» дегеніміз – қимыл-әрекетімізде, ұстанымымызда һәм түйсігімізде пайда болатын үздіксіз өзгерістер. Адамның үйрену деңгейі мен үйрену жылдамдығы түрлі себептерге байланысты өзгеріп отырады. Айталық, білім алу кезінде қолданылған тәсілдер оқушының үйренуін жеңілдетеді немесе қиындатады, сондықтан сабаққа дайындалу тәсілі мен дағдысы нәтижеге жетуде маңызды рөл атқарады. Бірдей шарттарда бола тұра, сабаққа дұрыс дайындалатын оқушылар басқараларға қарағанда көбірек жетістікке жетіп жатады. Пайдалы әрі тиімді білім алу дағдыларын кез келген оқушы бойына сіңіре алады, осылайша үйрену деңгейін көтере алады.

Асылында, сапалы білім алып, жетістікке жету – білім алудың тиімді жолдарын табуға және жоспармен жұмыс істеу дағдысын жетілдіруге тікелей байланысты. Жеке тұлғаның үйрену тәсілі, іздену дағдысы, ұстанымы және білім алатын ортасы да оның сапалы білім алуына оң ықпалын тигізеді. Дайындық барысында осыларға ерекше назар аударған жөн.

Сәтсіздіктің себебі көп, әсіресе, білім алу тәсілін дұрыс таңдамаудың ықпалы орасан зор, сондықтан ең алдымен білім алу тәсілдері мен дағдыларын нақтылап алған жөн. Білім алу тәсілдері нәтижені арттыруға бағытталу керек, тұрақты болу керек және мәлімет беретіндей болу керек. Осындай білім алудың тиімді тәсілдері арқылы бүкіл ынта-ықыласты сабаққа беріп, теріс әдеттерден (егер бар болса) арылу керек. Әркім өзінің ойлау қабілетіне қолайлы білім алу тәсілдерін белгілеп алған соң, оқитын сабақтарын жоспарлау керек әрі сол жоспар бойынша білім аламын деп алдына мақсат қоя білу керек.

Әрбір адамның басқалардан өзгеше жағы болады. Оның жасы, жынысы, ұлты, мәдениеті, сенімі, білімі, сезімі – бәрінің өзіндік орны бар, өйткені әркімде жетілдіруді қажет ететін жекелеген қабілеттер болады. Тиімді білім алу тәсілдері арқылы, міне, осы қабілеттерді жарыққа шығарып, оларды жетілдірудің жолын қарастыру керек.

КӨП ОҚУ ДҰРЫС БІЛІМ АЛУҒА ЖАТА МА?

Кейбір оқушылар сабақ оқуға көп уақытын бөлсе де, ойлаған мақсатына жете алмағанын айтып, шағымданып жатады. Оқушы сабақ оқуға кететін уақыттың ұзақтығы мен тынығатын уақыттың ұзақтығын дұрыс реттемегендіктен, ойлау қабілеті шаршайды да, оқуға деген құлшынысы азаяды, сабаққа ынтасы жоғалады. Осыған байланысты мынаны ұмытпай керек: кітап пен дәптердің алдында ұзақ уақыт өткізу сабақ оқуға жатпайды. Көп оқуды емес, тиімді дайындала білуді мақсат ету керек. Уақытты барынша тиімді қолдану деп пайдалы және қолайлы білім алу тәсілін айтады.

БІЛІМ АЛУ НЕГЕ ҚИЫН?

  • Оқу керектігін білемін, бірақ бір түрлі оқи алмаймын;
  • Мүлдем сабақ оқығым келмейді ;
  • Сабақ оқып отырып, зерігіп кетемін де, бәрін тастай саламын;
  • Сабақ оқыған кезде ынта қойып оқи алмаймын.

Осынау тізбектелген сөздер – ҰБТ-ға дайындалған көптеген оқушының шағымдары. Сынаққа дайындалған оқушылар сабақты қалай оқу керектігін емес, көбіне осындай проблемаларды ойлап басын қатырады. Оқушылар көбіне «сабақ оқуға кірісе алмау» проблемасын бастан кешеді.

Бұдан шығатын жол, негізінде, оқушының өзі. «Оқи алмаймын, қолымнан келмейді» деп қаша беру проблеманы шешпейді, керісіңше, проблеманы одан сайын көбейтіп жібереді.

Жалпы, ҰБТ-ға дайындаталын оқушының екі проблемасы бар:

  • Дайындықты бастай алмау;
  • Дайындыққа кіріссе де, аяғына жеткізе алмау.

Ал бұл жағдайға душар болудың басты себебі – ынтаның аздығы.

«Ынталану» деген ұғымға «ой-санамен және дене-бітіммен мақсат етілген межеге жұмылу» деген анықтама беруге болады. Бұл көлік жүргізуге ұқсайды: қайда баратыныңызды көлікке отырмай тұрып, жүргізбей жатып, алдын-ала білуіңіз керек.

Ынта-ықылас – оймен және қимылмен жетістікке жетудің әрі табысқа кенелудің кілті.

Жалпы алғанда, үлгерімі төмен оқушының ынтасы да аз болады, дегенмен үйрену үшін, әркім өз еркімен сабақ оқуға кететін уақытқа бағынуға, білім алуға жетелейтін қағидаларға мойынсұну керек.

Ынталы оқушы мен ынтасыз оқушының әрекеттері бір-біріне ұқсамайды. Ынталы оқушыда мынадай белгілерді байқауға болады:

  • үнемі қызығып, мән беріп әрекет етеді;
  • өзі қалап оқиды, уақытты тиімді пайдалануға тырысады;
  • тақырыпқа терең үңіледі;
  • кедергіге тап болғанда, қолдан келгенше жеңіп шығуға тырысады;
  • соңына дейін жетуге мықтап кіріседі.

Дайындық барысында жоғарыдағы әрекеттерді жүзеге асыра алатын оқушыны нағыз ынталы оқушы деуге болады.

Мақсат қойсаңыз да, ынтамен іске кіріссеңіз де, атқаратын ісіңізді беріліп істей алмасаңыз, мақсатыңыз да, ынтаңыз да ештеңеге жарамай қалады.

 

Жұмбақтар жаһанында

/№07(165) санда берілген 13 жұмбақтың жауаптары: Алақан; Қыз ұзату; Бақсы; Сырға; Балдақ; Құлақшын; От, жалын; Аяқкиім; Ұлтан; Түтін; Белбеу; Терезе; Шалбар /

  1. Түймедей тесіктен

Түйедей суық кіреді.

  1. Қабырғасы сирек семіз түйе.
  1. Қырық сүңгі қадалған

Қара бұқа қайтеді?

  1. Ісектің терісі,

Арқардың мүйізі.

  1. Былай бір сілтейсің,

Алай бір сілтейсің.

  1. Екеуі тұр, екеуі жатыр,

Әндетеді біреуі.

  1. Ақсақ қой бір бүйірімен жатып семіреді.
  1. Жатқанын да көрмейсің,

Жұмыс істегенін де көрмейсің.

  1. Қарны кепкен қара қой.
  1. Қарасаң – қабырға,

Көтерсең – көбелек.

  1. Қызы кіргенде

Шешесі сыңғырлайды.

  1. Іргедегі кәрі кемпір

Күңк-күңк жөтеледі.

  1. Бас бармақтан жуан емес,

Бірақ аттап бастырмайды.

  1. Тасқа бассаң – таймайды,

Талқан берсең – жемейді.

  1. Өңді жігіт өткелде отыр.
  1. Отқа күймейтін үшеу,

Суыққа тоңбайтын төртеу.

  1. Үш бауырда бір бөрік.
  1. Ерін алды,

Тоқымы қалды.

  1. Аш құзғынның тұмсығында бір кесек ет.
  1. Бір бұрышта бостан-босқа бүріскен,

Қолына алсаң, шаруасына кіріскен.

  1. Жартас жарылды,

Жалаңаш бала атылды.

  1. Сары кемпір сарнап тұр.
  1. Мені де жемейді,

Менсіз де жемейді.

  1. Керемет күшті сынар

Мықтының үш тісі бар.

  1. Таудан төмен,

Түйеден биік.

  1. Кәрі кемпір қайқаңдап,

Қой бағады ойпаңда.

  1. Көк өгіз сағыз шайнап,

Езуінен ақ көбік ағады.

  1. Арық түйе талтайып,

Арқан ұшы шарт етті.

  1. Ақ теңіздің астында көк теңіз.
  1. Көрпенің қарны кепті,

Денені қызыл бөріткен басты.

  1. Сылдыр, бірақ су емес,

Әппақ, бірақ қар емес.

  1. Кіргенде қызыл,

Шыққанда қара.

  1. Күпті болып кетіп,

Жүкті болып оралды.

  1. Жуан мойын,

Батпан бас.

  1. Басы – ағаш, қарны – кендір, аяғы – тас.
  1. Үзік талға ат байладым,

Үзеңгіге қан тамыздым.

  1. Темір тұмсық жер сүзер.
  1. Кекжиеді, кісінемейді.
  1. Тауға шықсаң – балдақ,

Таудан түссең – қаңбақ.

  1. Қызыл бөрікті қызды

Ұясынан үздім.

  1. Батыр баланың маңдайында сүйел бар.
  1. Қара тастың арасына

Қасқыр қыстырылған.

Барлығы: 42 жұмбақ

(жауаптарды төмендегі электронды мекенжайға жолдаңыздар немесе мұғалім Бегімхан Керімханұлының қолына жеке параққа жазып беріңіздер. Дұрыс шешуді көп бергендер естелік сыйлықпен марапатталады. Асығыңыздар! )

ҰБТ: озық тәжірибе, ортақ әдіс

 ЫНТАНЫ АРТТЫРУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

  • Сабақ оқитын жерді ретке келтіріңіз;
  • Ағзаңыздың қажеттіліктерін орнына келтіріңіз;
  • Жұмысыңызды түрлендіріп отырыңыз. (Бір пәнді қайталаудан шаршасаңыз, жалықсаңыз, ойыңыз шашыраса, дереу басқа пәнге ауысыңыз. Осылайша әрі тынығасыз, әрі ойыңызды жинайсыз.);
  • Адам бір тақырыпты шамамен 25 минут бас алмай оқи алады. Одан әрі қарай миы шаршап, ойы бөліне бастайды, бірақ әр 25 минут сайын үзіліс жасай алмайсыз. Алайда әрбір 25-30 минутта орныңыздан тұрып, 1-2 минут бірнеше қадам жүріп, терең дем алып, қайтадан сабаққа кіріссеңіз, миыңыз сергіп қалады.

Сондай-ақ:

  1. Өзіңізге талап қоя біліңіз;
  2. Қол жеткізуге болатын меже белгілеңіз;
  3. Нені біліп, нені білмейтініңізді анықтаңыз;
  4. Кедергі келтіретін істерді кейінге қалдырыңыз;
  5. Белгілі бір жүйемен, тәртіппен дайындалыңыз;
  6. Сабақ оқуға деген шабыттың келгенін күтпеңіз;
  7. Жауапкершілігіңізді түйсініп, сабаққа мықтап кірісіңіз;
  8. Мақсатыңызға жете алатыныңызға сеніңіз және бұл сеніміңізді жоғалтып алмаңыз;
  9. Дайындық барысында туындайтын өзгерістерге дайын болыңыз және соларға қарай жоспарыңызды ыңғайлай біліңіз;
  10. «Сабақ оқу керек» дегендей жалпылама түрде емес, қай пәннің қай тақырыбына қай әдіс-тәсілмен дайындалу керектігін нақтылап алып, мақсатыңызды анықтаңыз.

Жұмысыңызды жолға қою үшін, алдыңызға мақсат қойыңыз.

Белгілеген межеңіз сізді еңбектенуге жетелейді.

Алға қойған мақсатыңыз сізді ынталандырады.

ЫНТАНЫ ЖОЯТЫН ФАКТОРЛАР НЕГІЗІНЕН МЫНАЛАР:

А) психологиялық жағдай;

Ә) ортаның сабақ оқуға қолайсыздығы;

Б) ағзаның қажеттіліктері.

А) Психологиялық жағдайды реттеу

Ойды бөлетін екі түрлі психологиялық жағдай бар:

  • қиялдау (армандау);
  • уайымдау.

Қиялдау – дайындыққа кіріскен оқушының жұмысына кедергі келтіретін әрі жиі кездесетін жағдай.

«Бәрі менен көп дайындалады»;

«Оқитын тақырып көп, бірақ уақыт қалмады, бітті, тынды...»

Мұндай ойлар миыңызды қатырып, құлшынысыңызға кедергі келтіреді. Өзіңізді іштей мазалаған осындай ойлардан кейін өзіңізге мына сауалдарды қойып көріңіз:

  • Бұл ойлар менің дайындығымды жеңілдетіп жатыр ма?
  • Бұл ойлар менің мақсатыма қызмет етіп жатыр ма?
  • Бұл ойлар маған көмектесіп жатыр ма?

Жауабы біреу-ақ: жоқ.

Олай болса, осындай ойлармен бас қатыра берген дұрыс па, әлде сабақ оқыған дұрыс па? Сіз жетістікке жету үшін белгілі бір жүйемен іске кіріссеңіз, міндетті түрде уақыты келгенде табысқа жетесіз.

АЛДЫМЕН АЛҒА МАҚСАТ ҚОЙЫҢЫЗ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫНА ҚАРАЙ ЖҰМЫСТАРЫҢЫЗДЫҢ РЕТІН БЕЛГІЛЕҢІЗ

Өзіңіз мынадай проблемаларға кездестіңіз бе?

  • Оқу керектігін білемін, бірақ бір түрлі оқи алмаймын;
  • Кітапты ашамын, бірақ әшейін бетіне қарап отырамын;
  • Дайындалуға кірісе алмай-ақ қойдым.

Сабақ оқу керек бола тұра, беріліп кірісе алмай жүрген оқушылардың көпшілік бөлігі – осы уақытқа дейін алдына нақты мақсат қоя алмағандар.

Егер сіз де осындай жағдайда болсаңыз, онда тез арада алдыңызға нақты бір мақсат қойыңыз немесе мақсатңызды нақтылап алңыз.

Мақсат қоярда, мына сұрақтардың жауабын ескеріңіз...

  • Болашағыңыздың қандай болғанын қалайсыз?
  • Қай университетте оқығыңыз келеді?
  • Қай мамандықты таңдайсыз?
  • Армандарыңызға жету үшін қандай жұмыстарды орындауыңыз керек немесе қандай кедергілерді жоюыңыз керек?
  • Қолданып жүрген жоспарыңыз сізді мақсатыңызға жеткізе ме?

Мақсатты белгілеу үшін мына тәсілді қолдануға болады:

Әуелі, үш түрлі тізім дайындаңыз.

Бірінші тізімдегілерді орындау үшін 10 жылдан кейінгі өміріңізді ескеріңіз. Көзді жұмып, жайланып отырып, 1-2 минут ойланыңыз.

  • Он жылдан кейінгі өміріңізде нелерді жүзеге асырасыз және қандай орында болғанды қалайсыз?
  • Сізді ең көп қуантатын нәрсе не?

Қиялдау күшіңізді жұмылдырып, жоғарыдағы сұрақтар мен өмірдегі ойларыңызды бір-бірімен ұштастырыңыз. Қай істерді ұзақ мерзімді мақсат деп қабылдайсыз, соларды белгілеңіз.

  • Өміріңіздегі мақсаттарды тізбектегенде, «бақыт», «жетістік», «сүйіспеншілік». «қоғамға пайдалы болу» секілді тақырыптар алдыңыздан шығады, дегенмен тізімге бұларды қоспаңыз. Мұндай дерексіз ұғымдардың орнына өлшеуге келетін, сол бойынша жұмыс істеуге болатын нақты мақсаттар белгілеңіз.

Екінші тізім үшін тағы да арқаңызға жастанып, жайланып отырыңыз және «Бір жылдан кейін нелерді істеу керекпін?» деген сұраққа жауап іздеңіз, соларды тізбектеп жазыңыз.

Үшінші тізімге «бір ай ішінде нелер істеу керектігін» белгілеңіз. Ең соңында үш тізімдегі істерді маңыздылығына қарай тізім жазыңыз.

Мысалға бір оқушының 1 жылдық және 1 айлық мақсаттарының төмендегідей болатынын ойлап көрелік.

Өмірдегі мақсаттар тізімі:

  • Компьютерлік инженерия маманы болу;
  • Ағылшын тілін жетік білу;
  • Беделді компанияда қызмет ету.

Шекарасыз «Қазақ тілі»

/№07(165) санда берілген тапсырмалар жауаптары: Барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары арқылы жүзеге асады; Қиыса байланысқан; Орын тәртібі арқылы байланысқан; Бұйрықты сөйлем. Қарқынды сазбен, қатты үнмен айтылғандықтан, сөйлемдердің соңына леп белгісі қойылады; Баяндауыш; Мұқан үйге біресе кіреді, біресе шығады. Кезектес құрмалас сөйлем; Мұғалім оларға оқулықты әдейі әкелгенін айтты; Мезгіл кешкіріп кетті, сондықтан амалсыз қонуға тура келді; Пунктуация; Пунктуация графикалық таңбалар жиынтығы дегенді, тыныс белгілерін дұрыс қою жөніндегі ережелер дегенді және тыныс белгілері дегенді білдіреді; Даралаушы тыныс белгілерге сөйлем соңына қойылатын нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте жатады; Ерекшелеуші тыныс белгілерге үтір, қос нүкте, сызықша, жақша, тырнақша жатады; Леп белгісінің қойылу себебі: алғыс мәнінде айтылған лепті сөйлем; Тү-у, көңілі көкке көтеріліп, жан сарайының ашылып қоя бергенін қарашы!; Үтір бірыңғай мүшелердің арасына, қаратпа, қыстырма, оңашаланған айқындауыш сөздер мен құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің аражігіне қойылады; Егер салаластағы жай сөйлемдер және шылауымен байланысса, олардың арасына ешбір тыныс белгі қойылмайды; Қарсылықты салалас құрмаласта жалғаулық шылаулар қатыспағанда үтір мен сызықша қойылады/

  1. Төмендегі сөздерді айтылу ережесі бойынша жазыңыз: Жүгір, қытыр-қытыр, сөздік, сөгілу.
  2. Ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормасының жиынтығын не деп атайды?
  3. Төмендегі сөздерді орфография ережесіне сәйкес жазыңыз: Қияң-гескі, кесірлеңгеммен, нүктөлү үтүр, кескіңге.
  4. Тый, сый түбірлерінен жасалған сөздерді дұрыс жазыңыз.
  5. Көп нүктенің орнына и, й әріптерінің керегін қойып жазыңыз: Қас...етті, қ...нал, қа...наға, са...лады.
  6. Айтылуында и+а, и+у болып естілетін, жазылуында я, ю болатын сөздерден мысал келтіріңіз.
  7. Бірінші буынын тауып жазыңыз: ...рек, ...рақ, ...ін, ...ын, ...іс, ...імді.
  8. Ә, ұ, ү әріптері екінші буында жазылатын сөздерді тауып жазыңыз.
  9. Мына түбірлердің соңғы буынындағы ы, і дыбыстары қандай жағдайда түсіп қалады? Халық, ойын, үрік, ерін, көрік, орын.
  10. у дыбыстарына бітеті мына етістіктерге тұйық райдың жұрнағын жалғаңыз, өзгеріс болды ма? Қу, ту, ау, жу, сау, бу.

 (жауаптарды төмендегі электронды мекенжайға жолдаңыздар немесе мұғалім Бегімхан Керімханұлының қолына жеке параққа жазып беріңіздер. Дұрыс шешуді көп бергендер естелік сыйлықпен марапатталады. Асығыңыздар! )

Ойлана ойнайық

/№07(165) санда берілгендердің жауаптары: 1а. жан,жаз, жай, жақ, жал, жап, жар, жас, жат, жау; 2е. жер, жез, жел, жем, жең; 3о. жол, жоқ, жой, жон; 4ө. жөн; 5ұ. жұт, жұрт, жұп; 6ү. жүк, жүр, жүн, жүз; 7ы. жыр, жық, жыл, жын, жың, жым; 8і. жік, жіп/

БІТЕУ БУЫНДЫ СӨЗДЕР

1/а.       «З» дыбысынан басталатын бітеу буынды сөздер:

а) қонақ қабылдайтын кең бөлме ... ә) жалпыға ортақ ереже ... б) қайғы, қасірет ...            в) табиғаттағы барлық  жанды-жансыз нәрселер...

2/е          а) әшекей, сән бұйымдары ...

3/ә          а) ағзада зат алмасудан пайда болған қажетсіз сұйық зат ...

4/о          а) «ірі» сөзінің синонимі ...

 (жауаптарды төмендегі электронды мекенжайға жолдаңыздар немесе мұғалім Бегімхан Керімханұлының қолына жеке параққа жазып беріңіздер. Дұрыс шешуді көп бергендер естелік сыйлықпен марапатталады. Асығыңыздар! )

Тіл – күретамыр

ҚАЗАҚТЫҢ ЖАҒЫМДЫ БЕЙНЕДЕГІ СӨЗДЕРІ

Ақжарқын (жылы жүзді, көпшіл, жайдары, әзілқой) – мінезі ашық.

Айбарлы (айбатты, қаһарлы, сұсты, бетті, өткір) – батыр бейнелі.

Әз (Әз Тәуке, Әз жәнібек) – халыққа айырықша қызмет еткен, зор еңбек сіңіргендерге берілетін құрметті атау, атақ, дәреже.

Әділ (тура би, шыншыл) – әр істің шындығын айтатын, қолдайтын адам.

Батыр (батыл, жаужүрек, жүрек жұтқан, ер, ержүрек, жүректі, қаһарман, хас батыр) – ел қорғаны, ел сүйеніші.

Білімді (оқыған, оқымысты, ғылым, білімпаз, зиялы) – көп оқыған және оны ел қажетіне жұмсаушы.

Біртуар – сирек туатын қайраткер.

Бауырмал – әр адамды жақсы көруші.

Балажан – баланы жақсы көруші.

Бай (дәулетті, ауқатты, малды! – әл-ауқатты, қаржысы, дүние-мүлкі мол.

Беделді – ел алдында сөзі өтетін, жақсы адам.

Белді – халық бетке ұстайтын, беделді азамат.

Дарынды (талантты, қабілетті) – сирек өнер иесі.

Дана (данышпан, ойшыл, біртуар, кемеңгер, ғұлама, ұлы, алып, көреген) – өте сирек туатын ұлы тұлға.

Дарқан (мырза, рақымды, кеңпейіл, қайырымды) – қолда барын ортаға салған, өте жақсы, қол қайыры мол.

Инабатты (ибалы, көргенді, ұятты, сыпайы, мәдениетті, үлгілі, иманжүзді, кішіпейіл, ұлғатты) – өзін-өзі ұстай білетін, сыйлы.

Ел ағасы (ел басы, ел бегі) – халық, ел арасында беделі зор.

Ер – ел намысын қорғаушы, тар жерде жол табатын батыл, ержүрек.

Еңбексүйгіш (еңбекқор, еңбекшіл, бейнетқор) – еңбекті жақсы көруші, еңбекпен өскен.

Епті (ыңғайлы, бейім, икемді) – әр істің жөнін білетін, шебер.

Зиялы (ойлы, білімді, зерделі, оқыған, парасатты, әдепті, көргенді, үлгілі, саналы, өнегелі, тәрбиелі, қасиетті) – өнерін, білімін халыққа арнаған.

Жомарт (мырза, қолы ашық) – дәулетін, қаржысын, малын халықтан аямайтын.

Жайдары (ашық жүзді, жылы шырайлы) – мінезі ашық.

Жақсы (жайсаң, өнегелі, тәуір, сыйлы, саналы, абыройлы) – елі, халқы құрметтейтін кісі.

Мәрт (бірсөзді, текті, асыл, намысқой, қасиетті) – адалдық жолдан таймайтын, сөзінде тұратын, артық.

Мейірімді (мейірбан, қайырымды, ақжүрек) – адамға жақсылық жасайтын, қамқоршы.

Кербез (сырбаз) – бой-басын күтіп ұстайтын, сәнқой.

Көргенді (қасиетті, ұятты, үлгілі, инабатты, ұлағатты) – оқыған-тоқығаны мол.

Газет редакторы: Ибраһим Бегімхан Керімханұлы

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (01/03/2016)
Просмотров: 810 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: