АЛАУ, №07 (165), 12/02/2016

АЛАУКел, балалар, оқылық!

 

 

 

 

 

 

Газет 2002 жылғы 1 наурыздан шыға бастады      ************************************************************************************

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің қабырға газеті, shakhibbeker.ucoz.kz ibbeker@rambler.ru #07(165)

********************************************************************************

 ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:

ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ

  1. 7 қадам

Қазақстанның жаһандық дағдарыс жағдайындағы дағдарысқа қарсы мүмкіндіктері

  1. Шикізат ресурстарына тәуелсіз, индустриялық-инновациялық дамудың 2-ші бесжылдығы.
  2. «Нұрлы Жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасы.
  3. 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру.
  4. Қажетті мемлекеттік қор мен алтын-валюта резервтері жинақталды.
  5. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мұнай бағасы барреліне 30 және 20 долларға дейін төмендеген жағдайдағы іс-қимылдар нұсқасы әзірленді.
  6. Инновациялық индустрияландыру шеңберінде экономикалық жаңа секторлары экономикалық өсімнің драйверлеріне айналуда.
  7. Қазақстандықтардың экономикалық мінез-құлықтары өзгеруде, еңбек өнімділігі 60 пайыздан астамға өсті.
  1. Дағдарысқа қарсы басты стратагема

Өсу

  • Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған елдерінің отыздығына енуін қамтамасыз ететін экономиканың өсу қарқынын қалпына келтіру;
  • Жеке бастамаларды дамыту арқылы өсудің жаңа ішкі көздерін табу.

Реформалар

  • Экономиканың, қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді;
  • «100 нақты қадам» Ұлт жоспары;
  • Мемлекеттік және корпоративтік менеджментті, қаржы және фискалдық секторларды неғұрлым тереңірек реформалау.

Даму

  • Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, жоғары әлеуметтік жауапкершілік, халықтың неғұрлым әлсіз топтарына атаулы көмек қағидаттарында барлық мемлекеттік, қоғамдық және жеке институттарды кең ауқымда қайта жаңғырту.

Нұрсұлтан Назарбаев. Еркін елдің ертеңі

ЖЕР ТАҒДЫРЫ – ЕЛ ТАҒДЫРЫ

  • Көз құмарын суардым,

Талайдың сұлу жеріне.

Жетпейді екен...

Қуандым,

Қазағымның төріне.

  •  Еншісі болған елімнің,

Ешкімге бағы қонбапты.

Балалық атты сағыныш,

Жүрекке соны сомдапты.

  • Кеме суға батып бара жатқанда, оның командасы болған жағдайда кім кінәліні іздеп жатпай-ақ, қоян-қолтық жұмыс істеуі керек қой.
  • Айқын мақсатсыз адам да, билік жүргізуші құрылым да, қоғам да өмір сүре алмайды.
  • Біздің жоспар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. Қазақстаннан тыс жерде жұмақ жоқ. Еш жерде, әлемнің ешбір елінде бәріне бірден ие болу мүмкін емес.
  • Біздің жастарымыз Отанға адалдық пен оны қорғауға әзір болуы жөнінен бабаларынан және аталарынан өнеге алса игі.
  • Жастар – біздің болашағымыздың негізі...
  • Сіздерге міндетті түрде сапалы білім алу керек, ол сіздерге сенімді іргетас болады.
  • Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс.
  • Саналы мұратсыз, асқақ армансыз өмір сүретін адамдарды ұсақ, тоғышарлық мүдде, жеке бастың бір сәттік материалдық пайдасын ойлау стихиясы сөзсіз арбап алады. Сөйтіп, соның салдарынан қоғамдық азғындау басталады.
  • ...өз өміріңнің қожасы өзің болуың – кез-келген қазынадан бағалы.
  • Мақтаудың ең жақсысы – мойындау.
  • Жеке тұлғаың бәсекеге қабілеттілігі – белгісіз ертеңгінің емеурінін өз пайдаңа қолдана білу қабілеті.
  • Өзіндік ортада туған, бәсекеге қабілетті тұлға, алдымен, өз халқының мәдениеті мен тілін білуі керек.
  • Адам кешегісімен, қазіргісімен және келешегімен өмір сүреді. Қазіргі сәт тез өтеді, тез кешегіге, өткенге айналады. Яғни біз өмір бойы келешекке ұмтылумен ғұмыр кешеміз.
  • Өзгелердің тек қатесінен ғана емес, жетістіктерінен де үйренген жөн шығар.
  • Адамның ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді.
  • Дамудың қазіргі кезеңінде адам факторы айқындаушы фактор болып табылады.
  • Оқу үрдісі барысында адам өзіне тек қажетті білімді ғана алып қоймайды, сонымен бірге ол осы жинақтағанын қолдануға болатын мүмкіндіктерді де іздейді.
  • Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция.
  • Баланы білім мен еңбекке дайындау – ата-ананың борышы.
  • Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі.
  • Дамыған елдердегі ең басты қағидат мынандай – жұмыс адамды емес, адам жұмысты іздейді.

Жұмбақтар жаһанында

/№06(164) санда берілген 11 жұмбақтың жауаптары: Жұмырта; Адамның миы; Адамның қасы; Көз; Көз бен құлақтың арасы; Көз; Тіл; Қол және саусақ; Кіндік; Етік ішіндегі аяқ; Аттылы адам /

***

Анам көктеген көрпенің

Тігісін тістей алмадым.

***

Қырдың арғы бетіне

Қызыл пәле лақтырдым.

***

Орман киген жалбыр тау

Селкілдейді, билейді.

***

Күрте түбінде

Көңілді келіншек.

***

Біреуінде бес таудың

Мұздан құйған астау бар.

***

Қанаты ұзын қара құс,

Қан ішпейтін қара құс.

***

Тар болғандай мекені,

Сүзіседі екі елік.

***

Отырсаң – үстел астында,

Жатсаң – төсек астында.

***

Жалпақ тіл жер жалайды.

***

Көк өгіздің мүйізі

Көкке тиеді.

***

Сен мына жақпен бар,

Мен ана жақпен барайын –

Арғы бетте жолығармыз.

***

Төрт бұрышы ғалам,

Ортасында ғалам.

***

Бір қақпадан кіріп,

Екі есіктен шығады

Барлығы: 13 жұмбақ

(жауаптарды төмендегі электронды мекенжайға жолдаңыздар немесе мұғалім Бегімхан Керімханұлының қолына жеке параққа жазып беріңіздер. Дұрыс шешуді көп бергендер естелік сыйлықпен марапатталады. Асығыңыздар! )

«Нұр Отан» – «Нұрлы жол» кепілі 

ЕЛ ҮДЕСІНЕН ШЫҒАТЫН ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ

Сөз жоқ, «Нұр Отан» партиясының «билік партиясы» атауы орынды деп ойлаймын. Себебі Елбасы әм Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев төрағалық жасап отырған осынау әрі халықтық-демократиялық, әрі саяси-қоғамдық ұйымның ел еңсесін тіктеп қана қоймай, дамытып қана қоймай, баянды болашақта салиқалы-сарабдал жолмен ілгерілетуде әлеуеті айбынды. Ал жуырда ғана өткізілген XVII съез партияның елдік жолдағы беделін одан сайын пәрмендете түсті.

Өз басым 2005 жылдан күні бүгінге дейін «Нұр Отан» партиясының сенімді мүшесі болумен қатар, он жылға таяу шағын ауылдағы бастауыш партиялық ұйымның төрағасы да болғанымды адами-азаматтық тұрғыдан зор мақтан тұтамын.

Әлбетте, партиямыздың тұғыры биік елімізді дамытуға, көп ұлтты да бірлікті халқымыздың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын бәсекеге сай болатындай көтеруге байланысты атөарып отырған қайраткерлігі сондай ауқымды. Жиырма бес жылға аяқ басып отырған Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына лайықты сүбелі үлесін қосып келе жатқан шынымен-ақ жан-жүрегімізге жақын біздің ұйымның алдында өлшеусіз һәм сындарлы міндеттер тұр. Осынау съезде қаьылданған сайлауалды бағдарламада тайға таңба басқандай көрсетілді.

Жалпыұлттық жиында еліміздің экономикалық ілгерілеуіне, халқымыздың тұрмысын одан әрі жақсарта түсуге қатысты жағдаяттардың ауқымды сипатта қамтылғаны партиямыздың басым мақсат-мүддесін жеріне жеткізе әрі түсінікті түрде ұғындыра түскендей.

Абзалында, Елбасымыздың былтырғы жылдың соңындағы Қазақстан халқына Жолдауы қазақстандықтардың рухын асқарлатты. Қанша айтылып, қанша жазылғанына қарамастан, тағы бір мәрте мыналарға тоқталып өткенім әсте артық болмас: биылғы жылдың басында жарияланған Елбасының «100 нақты қадам» мақаласы Ұлт Жоспары шеңберінде Қазақстанның болашағы қандай болмақ, өркениетті әлемдегі алдыңғы межедегі отыз елдің қатарына кіру үшін не істелуі керек деген сияқты күрделі міндеттерді шешуге бағытталған.  

Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауды ту етіп отырған үр жаңа сайлау қоғам өміріне, елдің өркендеуіне жаңа леп әкеледі деген ойдан еш арылған емеспін. Сондай-ақ, партиямыздың дауысқа салу нәтижесінде қабылданған сайлауалды бағдарламасында орынды мәселелердің тереңдей қамтылуы үкілі үмітке толы көңілге жылылық ұялатты.

«Нұр Отан» партиясы қазіргі таңда экономиканы, қаржылық қатынасты, банк жүйесін, әлеуметтің проблемаларын терең білетін білікті үміткерлерін осынау додаға қосты деп қабылдағанымыз жөн. Жасыратыны жоқ, бүгінгі орын алып отырған жағдай күрделі де мазасыз. Алайда, халық билік партиясына үлкен сенім артып отыр. Себебі сол – бірлігі бекем, ынтымағы нық халық былтыр өткен президенттік сайлауда Елбасын айқын қолдайтындықтарын білдірді. Құрылғалы бері ел сенімін ақтап жүрген «Нұр Отан» партиясы 20 наурызда өтетін сайлауда, Хақ Тағала қаласа, айқын басымдылықпен ең көп дауыс алатынына бек сенімдімін. Сонымен қатар, сайлау ұйымдасқан түрде әділ өтеді деп және сенемін.

Ақиқатында, мемлекетіміз алдағы уақыта ауқымды реформаларды бір адамдай жүзеге асыруы керек. Солардың бірі де бірегейі – Ұлт Жоспары. Осынау жұмысты нәтижелі іске асыру үшін бізге экономикалық тұрғыда да, заңдық тұрғыда да кеңінен, тереңнен ойлай алатын, бағамдай алатын абыройлы азаматтар қажет.

Асылында, 20 наурызда өтетін сайлауға халық қалаулысы атануға ниет білдірген үміткер-кандидат ретінде білікті азаматтар сайланып, олар өз кезегінде еліміздің қиындықтардан есен-аман өтуіне мейілінше ықпал етсе деп ойлаймын. Алға, «Нұр Отан»!                     

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

«Нұр Отан» партиясының мүшесі

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Шекарасыз «Қазақ тілі»

/№06(164) санда берілген тапсырмалар жауаптары: Айтпа, артпа, жақ; Санаса, жазса, көрсе; Ойнағым келеді, Ойнасам игі еді, Бергім келеді, Берсем игі еді, Бермегей едім, Ойнағым келмейді, Ойнамасам игі еді, Бергім келмейді, Бермесем игі еді, Бермегей едім; Толқыннан шығыс септігінде тұр, Толқынды табыс септігінде тұр; Сөйлем, біріншіден, біршама тиянақталған ойды білдіреді, екіншіден, сөйлемнің грамматикалық негізі болады: олар – бастауыш пен баяндауыш, үшіншіден, сөйлем белгілі бір интонациямен айтылады; Сөйлем бастауыш-баяндауыштық құрылымының санына қарай: жай және құрмалас болып ажыратылады; Бұл – жай сөйлем: жақты, толымды, жайылма сөйлем; Сөйлемде 7 сөз тіркесі бар; Бұл – айтылу мақсатына қарай хабарлы сөйлем, құрылысына қарай жай сөйлем: жақты, толымды, жайылма сөйлем; Сөйлем мүшесі болмайтын – оқшау сөздер, олар: қаратпа, қыстырма, одағай сөздер; Толымсыз сөйлемді толымды сөйлемге айналдарғанда, ойға қажетті сөздерді түгел қосамыз; ат үстінде тұр. Тікесінен тұр. Ті тұр. Жас бала. Жас бала тұр; 4 түрлі тәсіл арқылы байланысады. Олар: 1) жалғаулар арқылы, 2) шылаулар арқылы, 3) сөздердің орын тәртібі арқылы, 4) интонация арқылы; Үшін шылауы арқылы; 1) Қиысу – Асан Қайғы көремін деп, Асан Қайғы өткізіпті, 2) Матасу – алты алаштың жер-суын, алты алаштың қонысын, 3) Меңгеру – жер-суын көремін деп, қонысын көремін деп, өмірін өткізіпті, далада өткізіпті, 4) Қабысу жоқ, 5) Жанасу – көп заман өткізіпті; Қабысу. Ұзын аққан, аз сөздері өздері байланысқан сөздермен қатар тұр/

  1. Меңгере байланысу қандай септік жалғаулары арқылы іске асады?
  2. Жаз өтті. Осы сөйлемде сөздер қалай байланысқан?
  3. Жолды ағаш күрекпен күредік. Сөйлемдегі ағаш күрек сөздері қандай тәсіл арқылы байланысқан?
  4. «Үйден шықпаңдар! Отты байқап отырыңдар!» Бұл сөйлемдер сөйлемнің қай түріне жатады?
  5. «Сендер бақытты адамсыңдар». Осы сөйлемдегі адамсыңдар сөзі қай сөйлем мүшесі?
  6. Мына сөйлемді толықтырыңыз және қандай салалас құрмалас сөйлемге жататынын анықтаңыз: Мұқан үйге біресе кіреді, ...
  7. «Сендерге оқулықты әдейі келдім», - деді мұғалім. Осы сөйлемді төлеу сөзге айналдырыңыз.
  8. Мезгіл кешкіріп кетті. Амалсыз қонуға тура келді. Жай сөйлемнен себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем құраңыз.
  9. Жазу тіліне қызмет ететін шартты таңба не деп аталады?
  10.  «Пунктуация» сөзі қандай мағыналарды білдіреді?
  11. Даралаушы тыныс белгілерге қандай тыныс белгілер жатады?
  12. Ерекшелеуші тыныс белгілерге қандай тыныс белгілер жатады?
  13. Мына сөйлемнің соңына неліктен леп белгісі қойылғанын түсіндіріңіз: Мың да бір рақмет саған, Төреқұл!
  14. Мына сөйлемнің тыныс белгілерін қойып жазыңыз: Тү-у көңілі көкке көтеріліп, жан сарайының ашылып қоя бергенін қарашы.
  15. Үтір қойылатын орындарды санамалап айтып шығыңыз.
  16. Салалас құрмаластың жай сөйлемдерінің арасына қандай жағдайда тыныс белгі қойылмайды?
  17. Жалғаулықсыз салаластардың қайсысында жай сөйлемдердің арасына үтір мен сызықша қойылады?

 (жауаптарды төмендегі электронды мекенжайға жолдаңыздар немесе мұғалім Бегімхан Керімханұлының қолына жеке параққа жазып беріңіздер. Дұрыс шешуді көп бергендер естелік сыйлықпен марапатталады. Асығыңыздар! )

ҰБТ – 2016

 ЖЫЛ СЫНАҒЫНА ТАС ТҮЙІН ДАЙЫНДЫҚ КЕРЕК

Жасырары жоқ, түлектер үшін де, олардың ата-аналары үшін де Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) рәсімі осынау маңызды сынаққа айналғаны бүгін емес. Сонау 2004 жылдан бері күні бүгінге дейін емтиханға бара-бар сынақ тапсыруға ниеттенген мектеп түлегі небәрі үш жарым сағат аралығында әрі жалпы орта білім курсын тәмамдайды һәм бақ пен бабы сәтімен сабақталып, оза шапса қалаған жоғары оқу орнына мемлекеттік білім алу гранты бойынша тегін оқуға мүмкіндік алады. Әрине, бұл сынақ әрбір қатысушы түлек үшін айтарлықтай кешенді әзірліктің де осал болмауын талап етеді.

ҰБТ – өмірдің ағымдағы өтпелі бір кезеңі ғана екенін сезініп, оның нәтижелеріне саналы түсіністікпен қарау қажет. Ең бастысы мыналар жадыда жатталып, санада қатталуы керек: әр емтихан тапсырушы, оның нәтижелеріне қарамастан, өмірдегі ең маңызды ғылымды меңгереді емес пе? Бұл ғылым – қиын жағдайда жеңілмеу, толқуды жеңе білу, көкірегін кере демалу және өмірде алға қарай жүру!

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі бойынша биылғы оқу жылын төрт оқушы тәмамдамақ. Барлығы ҰБТ тапсыруға бекем бел буып отыр. Оның үстіне Шаймұрат Айбарыс есімді түлегіміз «Алтын белгіге» үміткерлер қатарында. Қазіргі таңда оның аяқалысы бірқыдыру көңілге қонымды. Десе де әлі де арттыру жұмыстарын ұдайы жүргізу күн тәртібінен түскен жоқ. Қалған үш оқушының дайындық деңгейін жақсарту үшін атқарылатын жұмыстар да аз емес.

Жуырда Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебіне Лебяжі аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Еркінов 2016 жылғы ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатымен ат басын тіреп, тест сынағынан өтуге ниеттеніп отырған болашақ мектеп түлектерімен, олардың ата-аналарымен һәм мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдерімен жеке-жеке жиналық-кеңестемелерін өткізді. Осынау бас қосуда түйінді мәселелер ортаға салынып, оларға тұщымды жауаптар алынды. Айталық, оқушылармен жүргізілген ашық сұхбаттасым барысында әзірліктің қыр-сыры айқындалды. Ата-аналармен болған отырыста да келелі тақырыптар тілге тиек етілді. Пән мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне меңгерілуі қиындық тудыратын тапсырмалардың сараптамалық-сараламалық талдауын сапалы жүргізу айырықша тапсырылды.

Әлбетте, маусымның алғашқы жартысында өтетін ҰБТ сынағына дайындық кезінде төмендегі пайдалы кеңестерді қаперде ұстау қажет:

  • Күн тәртібін үш бөлікке бөлу қажет: мектепте және үйде емтиханға дайындалу – 8 сағат; спорт, таза ауада серуендеу – 8 сағат; ұйқы – 8 сағаттан кем емес.
  • Калорийлі, дәрумендерге бай тағамдармен күніне 3-4 рет тамақтану керек. Ас мәзіріне шоколадты, көкөністерді, балды, жаңғақтарды, балықты, етті қолданған пайдалы. Айталық, жадыны жақсарту үшін өсімдік майы құйылған сәбізді жеу, ананас шырынын ішу қажет; зейінді шоғырландыру үшін басты пияздың жартысын жеу дұрыс; шығармашылық шабыт үшін зере қосылған шәй ішу (шыны аяққа 2 шай қасық зере дәні жеткілікті) орынды; ғылымды меңгерудегі табыс үшін қырыққабат пен лимон пайдалану керек; жақсы көңіл-күй үшін шоколад пен банан жеу абзал.
  • Балаға емтиханға әзірленуге арналған орынды дайындауда үстел үстіне сары және күлгін түстегі заттар қою қажет. Өйткені осы түстер белсенділікті, жұмыс қабілеттілігін арттырады.
  • Оқушылардың жеті ережесі: 1. Сенің оқып жатқаның абсолютті шындық емес, тек үлгі ғана. 2. Сен тұтас жүйені оқып жатырсың. 3. Саған жүрегінің жылуы бар адамдар білім беріп жатыр. 4. Білім алудың мақсаты – ақыл-ой қабілетін жаттықтыру. 5. Кез келген пәннің қызы жағын табуға болады. 6. Жақсы оқу – қарапайым әрі қызықты. 7. Тек баға үшін ғана оқымау керек.
  • Жұмыс қабілеттілігін қолдауда: ақыл қабілетін және дене еңбегін кезектестіру; көздерді шаршаудан қорғау, оларға демалыс беріп, зейінді аудару; теледидарлық хабарларды көруді және компьютермен жұмыс істеуді азайтып, көп қозғалып, оттегі жұту; отбасындағы жаттығулар мен ойындар көмегімен танымдық қабілеттерді ынталандыру; тыныс алу жаттығуларының көмегімен көңіл-күйді көтеріп, өз бойында жаңа күш жинау; отбасындағы қолайлы психологиялық ахуал, сенімді өзара қарым-қатынас.
  • Ашушаңдық пен психикалық шиеленісті босату тәсілдері: табиғат; контрасты душ қабылдау; достарыңмен дем алу.
  • Ата-ана тарапынан баланы қолдау қадамдары: - табыс күйін жасау, ынталандыру (Мен барлығының жақсы болатындығына сенімдімін: күлкі, әңгімелесу, қорқыныштар мен үрейлерді талқылау, физикалық байланыс); - қолдау, эмоционалдық ахуал (Сен ақылдысың, күштісің, ептісің. Мен сені мақтан тұтамын! Қандай жағдай болмасын, сен біз үшін – ең жақсысың!); - стреске төзімділікті және жинақылықты арттыру (құлау жаттығуы: түлек арқасымен туған-туыстарының созған қолдарына құлайды; дене қысымын босату мен адреналинді шығару үшін аттракциондарға бару); - толыққанды демалыс пен ұйқыны қамтамасыз ету.
  • Емтихан мен ҰБТ уақытында зияткерлік мүмкіндіктерді шоғырландыратын тәсілдер: 1. Стресс уақытында ағзаның күшті сусыздануы болады. Емтихан алдында және емтихан уақытында суды, әсіресе, минералды суды көп ішкен жөн. Судың құрамында ми жұмысының электр-химиялық реакцияларына қатысатын калий мен натрий иондары бар. 2. Тыныс алу – антистресс – баяу демді ішке тартып, кейін әдеттегідей тыныстайды: бұл стрестің импульсін бөлшектейді. Осылайша 3 рет жасаңыз да, әрі қарай әдеттегідей тыныстаңыз. 3. Өзіңіздің балаңызға емтихан уақытында келесілерге назар аударуға кеңес берңіз: - қандай тапсырма бар екенін көру үшін, көзіңмен барлық тестті шолып шық, бұл жұмысқа ниеттенуге көмектеседі; - сұрақты соңына дейін мұқият оқы және оның мағынасын түсін (тестілеу кезіндегі сипатты қателік: соңына дейін оқымай, бірінші сөздері бойынша жауабын болжап, жазуға тырысу); - егер сұрақтың жауабын білмесең немесе оған сенімді болмасаң, оған кейін қайта оралу үшін белгілеп қой да, келесісін қара; - егер берілген уақыт ішінде сұрақтарға жауап бере алмасаң, өзіңнің түйсігіңе сеніп, ең ықтимал нұсқаны көрсет. 4. Баланың емтихан кезінде алатын балдарына алаңдамаңыз және оны емтиханнан кейін сынамаңыз. Балдардың саны – оның мүмкіндіктерін субъективті түрде бағалау ғана. Балаңызды жігерлендірңіз, оның барлығын дұрыс істеп жатқанын айтып мақтаңыз. 5. Балаға әрдайым ата-анасының толқынысы беріледі және де егер жауапты сәтте ересектер өздерінің эмоцияларына ие бола алса, онда бала да өзін барынша сабырлы сезінеді. Өзіңізге қамқор болыңыз! Және  де естен шығармаңыз: ең бастысы – баланың бойындағы шиеленісті төмендетіп, психологиялық төзімділікті қамтамасыз ету!

Әлбетте, біздің рухани сандықшамыз күні-түні жұмыс істейді. Бастысы – біздің оған не тастайтынымызда. Жатсыну, кінәлілік пен ұялу сезімдері ешқашан да ешкімге салауатты әрі бақытты болуға көмектеспейді. Кейде адамға оның мінез-құлқы мен қылықтарын бағалаудың мүлдем керегі жоқ, оған тек қолдау ғана қажет. Жас адам – «керексіз болып, жерге тастай салған нәрсе» емес. Бізге табиғатымыздан түйсіктердің, сезімдердің және мінез-құлық түрлерінің орасан зор қоры берілген, олар біздерге белсенді, жігерлі әрі төзімді болуға көмектеседі. Қарым-қатынас жасау барысында көп нәрсе тәжірибе мен білімге ғана емес, сонымен қатар сезіне білуге және аңғара білуге де байланысты болады. Олай болса, құрметті ата-аналар, сезіне біліңіздер, аңғара біліңіздер және жақсы көре біліңіздер. Балаларыңызды дүниеде, сіздің өміріңізде бар болғаны үшін ғана жақсы көріңіздер!

Асылы сол, жағдайды құрметтеңіздер, баланы құрметтеңіздер, балаға қамқоршыл болыңыздар.   

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

  • 8-12 ақпан аралығында мектебімізде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер әдістемелік бірлестігінің апталығы өткізілуде.

Ойлана ойнайық

/№06(164) санда берілгендердің жауаптары: 1а. Дау, дат, дақ, дар, даңқ; 2ә. Дән, дәл, дәу, дәм, дәт; 3о. дос, доқ, доп; 4і. дін, діл; 5ы. дық/

БІТЕУ БУЫНДЫ СӨЗДЕР

1/а.       «Ж» дыбысынан басталатын бітеу буынды сөздер:

а) адам кеудесіндегі шыбын ...

ә) табиғаттың шілдесі ...

б) адамның тұрағы ...

в) беттегі негізгі мүше ...

г) жылқының желке шашы ...

ғ) су жүретін жіңішке арық ...

д) қыз-жігіттің таңдауы ...

е) «кәрі» сөзінің антонимі ...

ё) араласпайтын ағайын ...

ж) «дұшпан» сөзінің синонимі ..

2/е          а) біз өмір сүретін ғаламшар ...

               ә) «мыс» сөзінің синонимі ...

               б) жер бетіндегі кезбе ...

               в) тауықтың асы ...

               г) киімдегі қол жабатын бөлік ...

3/о          а) қатынастың күре тамыры ...

               ә) «бар» сөзінің синонимі ...

               б) «қират» сөзінің баламасы ...

               в) қыраттың қыр арқасы ...

4/ө          а) «дұрыс» сөзіне балама ...

5/ұ          а) «аштық» сөзінің баламасы ...

               ә) «халық, ел» сөзінің баламасы ...

               б) «тақ» сөзінің антонимі ...

6/ү          а) жинаулы мүлік ...

               ә) «тұр» сөзінің антонимі ...

               б) малдың киімі ...

               в) он он ...

7/ы         а) жыраулар айтатын өлең ...

               ә) «алып ұр» тіркесінің баламасы ...

               б) айларды жұтатын қомағай ...

               в) бөтелкедегі пері ...

               г) айқай-шу ...

               ғ) үні шықпау ...

8/і           а) ағаштың қиюы қашқан жері ...

               ә) иненің сабағы ...

(жауаптарды төмендегі электронды мекенжайға жолдаңыздар немесе мұғалім Бегімхан Керімханұлының қолына жеке параққа жазып беріңіздер. Дұрыс шешуді көп бергендер естелік сыйлықпен марапатталады. Асығыңыздар! )

Тіл – күретамыр

ҚАЗАҚТЫҢ ЖАҒЫМДЫ БЕЙНЕДЕГІ СӨЗДЕРІ

Абзал (өте жақсы, ақ, адал, таза, пәк, текті, асыл) – есімін ел білетін, сыйлы азаматтарға айтылады.

Арлы (абзал, артық, ұятты) – өзінің де, өзгенің де ар-ұятын ойлайтын.

Азамат – білікті, ел қамқоры.

Атақты (белгілі, мақтаулы, танымал, қалаулы, көрнекті) – бүкіл елге белгілі, сыйлы.

Ажарлы (сұлу, келбетті, көркем, өңді, реңді, шырайлы, сымбатты) – бет-әлпеті келісті.

Ару – жас, сұлу әйелге айтылады.

Абыройлы (сыйлы, құрметті, беделді, мінезді, бірсөзді) – жақсы, халық қалаған.

Газет редакторы: Ибраһим Бегімхан Керімханұлы

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (22/02/2016)
Просмотров: 638 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: