Ісімен танымал тұлғалар

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын

 

ЕРЕН ЕҢБЕКТІҢ ЕЛЕУЛІ ҮЛГІСІ

 

Әрі қамшының сабындай, әрі қас қағымдай өмір атты дәуренде адамның айналасына ісімен де, сөзімен де майдай жағатыны, қуанышқа қарай, жетіп артылады. Керемет қайраткерлігімен танылып, іскерлігімен өзгелерден артық екшеленетін тұлғаларды тілге тиек етуге әбден тұрарлық. Сондай асыл азаматтардың бірі Кенжеғалиев Тоқтамыс Жәнібекұлы.

Осы күндері Лебяжі аудандық білім бөлімінде алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі пәндері бойынша аға әдіскер қызметін асқан абыроймен атқарып келе жатқан Тоқтамыс Жәнібекұлының ерен еңбегі хақында ұзақ әңгімелеуге болады. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау үрдісінде өзіне тән қажымас қайрат, нақты нәтижеге бағытталған мұрат арқасында өзгелерден бұрын жоба дайындап, оны бүгe-шігесіне дейін ойластырып, бақылаушылар алдында шеберлікпен қорғап, барлық тетіктерін қозғалысқа салып, қомақты нәтижесін көрді. Іскер жобалаушы өз тәжірибесін берісі аудан-облыс, арысы Республика аумағында таратып, тіпті халықаралық деңгейге дейін де жеткізіп отыр. Ал бұл дегеніңіз тер төгіп жасалған ерен еңбектің елеулі үлгісі болып табылатыны сөзсіз. Қазіргі кезде өзінің жинақтаған тәжірибесін заманалық талаптарға сай әзірлеп, ауданға қарасты орта мектептерде насихаттап, жүйелеу жұмыстарымен жатпай-тұрмай айналысу үстінде.

Соңғы үш жыл ішінде Кенжеғалиев Т.Ж. мұрындық болуымен Лебяжі ауданының оқушылар құрамасы облыстық спартакиада қорытындысы бойынша үшінші және екі мәрте бірінші орындарды иеленіп жүр.

Осынау қызметі жоғары бағаланған Тоқтамыс Жәнібекұлына Қазақстан Республикасының құрметті қызметкері атағы берілді. Оның үстіне іскер тұлғаға жоғары санатты әдіскер атағы берілді.
Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (26/04/2009)
Просмотров: 1374 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: