11:02
Жетістіктің жүз қадамы

100-ҚАДАМ: МЕМЛЕКЕТІҢДІ ШЕКСІЗ СҮЙ және ҚЫЗМЕТ ЕТ

Отанға қызмет ету білімнен емес, мінезден.

Әлихан Бөкейханұлы

Әр қазақ баласы мемлекетімізді сүюі тиіс. Осындай кең-байтақ, қазба байлығы мол, қасиетті мекен, Еуразия жүрегінде орналасқан Қазақ даласын әр қазақ азаматы, азаматшасы жақсы көру керек және мақтану керек. Бұндай кең-байтақ мекен бізге оңай келген жоқ. Сонау сақтар заманынан бері көшпенділер тарихында небір алапат соғыстар, небір ашаршылықтар болса да, осындай кең-байтақ жер бізге мұра болып қалды. Осы мұра болып қалған жерді біз көзіміздің қарашығындай сақтап, мемлекетімізді дамытып, әлемнің 30 дамыған елінің қатарына қосуға бәріміз бі кісідей атсалысу керекпіз.

Мемлекетіміздің әлемдегі озық дамыған елдердің қатарына қосу үшін бізге, ең алдымен, мемлекетімізді жақсы көру керекпіз. Одан кейін ұлттық рухты көтеріп, заманауи білім-ғылымның жолына түсіп, салауатты өмір салтын ұстанатын халықты қалыптастырып, талмай еңбектеңсек, мемлекетіміз әлемнің дамыған озық елдерінің қатарына қосылуға мүмкіншілігіміз әлдеқайда артпақ.

Мемлекетімізді әрқайысысымыз жақсы көре білейік. Тарихымызды, әдет-ғұрыптарымызды, тарихи ескерткіштерімізді, тілімізді, ділімізді және дінімізді, жерімізді, халқымызды, жалпы мемлекетімізді жақсы көре білейік. Сонда біздің мемлекетіміз даму жолына түсетіні анық.

Әрқайсысымыз қолдан келгенше мемлекетімізге қызмет ете білейік. Мемлекет маған не береді емес, мен мемлекетке не бере алам деген оймен елге қызмет етейік. Егер біз бір істің маманы болсаңыз, өз ісіңіздің сапалы маманы болыңыз. Сапалы маманы көп мемлекеттің дамуы тез болады. Егер сіз кәсіпкер болсаңыз, отандық өнімдерді өндіріп немесе сапалы қызмет көрсетіп, ұлттық экономикамыздың дамуына жол ашыңыз. Егер сіз ақсақал болсаңыз жастарға рухани сананың жаңғыру жайлы, үгіт-насихаттарыңызды жүргізіңіз. Әрқайсысымыз елімізге бір кісідей кірісіп еңбектенсек, біздің мемлекетіміз әлемнің ең дамыған мемлекеттер қатарына қосылатыны анық.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 196 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: