21:55
Жетістіктің жүз қадамы

88-ҚАДАМ: КЕҢ БОЛЫҢЫЗ – КЕМ БОЛМАЙСЫЗ

Кеңдік – адам бойындағы ерекше қасиеттердің бірі. Кеңдік дегенде тек ақшаға ғана емес, басқа дүниелерге де кеңдік жетерлік. Олар көмекке кеңдік, адамдармен араласуға кеңдік, өзінің білімі мен тәжірибесімен бөлісуге кеңдік, осы сияқты дүниелерге кең адамдар өмірде де кең болмақ.

Кейбір адамдарды білеміз. Өзінің білетінімен айналасындағылармен бөліскісі келмейді. Енді бүкіл білгеніңмен бөліспесең де, көмек ретінде айналаңдағы адамдармен бөлісу адамгершіліктің бір бейнесі деп ойлаймыз. Өзіңде бар жақсы дүниелерді айналаңа шаша жүрсең, көптеген жақсылықтың бастамасын атқарған боласың.

Кең болыңыз – кем болмайсыз. Қоғамда кең пейілді адамдар жетерлік. Кең пейілді болып айналасына көмектесіп жүрген тұлғаларда баршылық. Кеңдіктің арқасында өмірде оған кем болмайтыны белгілі. Кеңдік дегенде ақшаға ғана байланысты дүниелерді емес, басқа да адамға пайда тигізетін дүниелерге кең бола білейік. Сонда көпшілікке абыройлы болатынымыз анық.  

Иманның абзалы – сабырлылық пен кеңпейілділік.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 197 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: