17:18
Жетістіктің жүз қадамы

87-ҚАДАМ: ҮНЕМШІЛДІК. АҚШАНЫ ОРЫНСЫЗ ЖҰМСАУ

Ақша адам сияқты адамды таңдайды. Оған жақсылап қарасаңыз, ол сізге өзі келетін болады. Орыстың мына мақалы еріксіз еске түседі: «Ақшаны көп тапқан байымайды, ақшаны дұрыс жаратқан байиды». Шынымен де, дұрыс қаржылық жоспар арқылы қаржы жинайтынымыз анық.

Ақшаға үнемшілдік жақсы нәрсе. Бірақ шамадан тыс үнемдеу де дұрыс емес. Кейбір адамдар ақшаға тым қатты келеді. Бірақ қаржылық жағынан жетіспеушілік байқалады. Тым ақшаға қатты болған сайын, өмір оған да қатты болатыны анық. Бірақ шамадан тыс арт ық ақша шашу да үлкен дерттің бірі. Дұрысы: осы екі нәрсенің ортасынан, даңғыл жол таңдап алған дұрыс. Жарататын жерде жаратып, жаратуға тұрмайтын жерге ақша шашудың маңыздылығын біліп алсаңыз болғаны.

Ақшаны орынсыз жұмсамаудың бірнеше тәсілі бар. Соның қазір ең көп қолданылатынының бірі – күнделікке күнделікті қаржылық шығындарыңызды жазып отыру. Сол жазған шығындарыңызды күнде жатар уақытта бір қарап шығу. Кейіннен сізде ақшаны артық нәрселерге шашатын әдеттің элементтері бірте-бірте азаятын болады. Осы тәсілді қолданып көрсеңіз нәтижесін сізге беретін болады.

Әрине, ақша адамға оңай келмейді. Кез-келген адал ақша белгілі бір еңбектің арқасында келетіндіктен оған үнемшілдікпен қарай білеміз. Бірақ үнемшілдікте де шамадан тыс үнемдеп кету де адамға кері әсерін беруі мүмкін. Сен ақшаны шамадан тыс қысқан сайын, сені де қаржылық жағынан қысатыны анық. Жаңағы айтып кеткеніміздей, ортасынан даңғыл жол таңдап алып, қаржыға байланысты дұрыс шешім қабылдай біліңіз.  

Ақшаны көп тапқан байымайды, ақшаны дұрыс жұмсаған байиды.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 177 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: