17:18
Жетістіктің жүз қадамы

83-ҚАДАМ: НАМЫСТЫ НАНҒА САТПАҢЫЗ

Намыс – адам бойындағы ерекше қасиеттердің бірі. Бойдағы намысты оятып оны қадірле білуіміз керек. Намысы жоқ адамның белгілі бір жетістікке жетуі мүмкін. Бірақ сол жетістікке адал жолмен жетуі екіталай. Қиын-қыстау шақта намысын нанға сатып кететін адамдар қаншама! Сіз ондай адамдардың қатарынан болмай-ақ қойыңыз. Намысты нанға сатқыштың арты жақсылыққа апармайтыны анық. Қазақтың мына сөзі әр адамның ойында қашалып жазылса екен:

«Малым – жанымның садақасы,

Жаным – арымның садақасы».

Осы ұстанымды әр қазақтың баласы, әр қазақтың қызы жүрегінде ұстаса екен. Намысты ұлы мен қызы көп елдің болашағы жарқын болмақ.

«Намысты болуға бола ма?» деген сұрақ та болар мүмкін. Адамның намысты болуы ең бірінші атадан балаға берілетін қаннан. Бірақ атасы намысты тұлғалардың намысы жоқ ұрпақтары да баршылық. Бірақ ең қатты әсер ететін фактор – адамның өзінің ойлау жүйесі. Кез-келген адам «мен намысты боламын» деп нық бекінсе, ол адам намысты болатыны анық.

Біз – намысты халықпыз. Біздің әрқайсысымыздың қанымызда намыстың қаны ойнап тұратыны белгілі. Осы намыстың арқасында осындай кең-байтақ жерді бізге мұра етіп тастап кетті. Егер біздің ата-бабаларымыз намысты болмағанда, бізге осындай кең-байтақ же қалмас еді.

Осы бізге мұра болып қалған дарқан жерді әрқайсысымыз намысқа беріліп, елді қорғау керекпіз және мемлекетімізді жоғары деңгейде дау\муына өз үлесімізді қосу қажетпіз.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 202 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: