15:26
Жетістіктің жүз қадамы

82-ҚАДАМ: ӨЗІҢІЗДІ ЗЕРТТЕҢІЗ, ӨЗІҢІЗДІҢ ҚАНДАЙ НӘРСЕГЕ ИКЕМІҢІЗ БАР ЕКЕНІН АНЫҚТАҢЫЗ

Өзіңізді зерттеңіз. Егер үлкен жетістіктерге жеткіңіз келсе, алдымен, өзіңізді зерттеп алуыңыз қажет. Мүмкін, сіздің бойыңызда көпшілікте кездесе бермейтін мықты қабілеттер болуы әбден. Сол қабілеттерді анықтап іске жаратсаңыз, өзіңіз ойлағаннан да үлкен табысқа кенелуіңіз ғажап емес.

Адамның өзін зерттеудің бірнеше тәсілі бар. Оның бірегейі айналаңыздағы адамдардан сұрау. Айналаңыздағы адамдар сіздегі бар ерекшелікті байқайды. Өзіңіздің бойыңызда бар ерекшелікті өзіңіз байқамауыңыз да мүмкін, ал сырт көзге олар байқалып жатады. Айналаңыздағы жақын он адамнан сұрап көріңіз. «Менің бойымда қандай ерекшелікті байқайсыз немесе қандай істерге, нәрселерге менің икемім бар» деп. Осы сұрақ арқылы сіз өзіңіз күтпеген жауаптар алуыңыз да мүмкін. Бірақ сұрақ қоймас бұрын өзіңізге сенімді адамдардан сұрағаныңыз жөн болады. Сонда дұрыс жауап аласыз. Бұл бойдағы бар қабілетті анықтаудың бір жолы.

Бойдағы бар қабілетті анықтаудың екінші жолы – жаңа істерді бастап көру. Өзіңіз бұрын-сонды жасамаған істерді жасап көру. Адам жаңа істер мен жұмыс атқарғанда, ол өзінің бойындағы жаңа қабілеттерді байқауы мүмкін. Сол жаңа қабілеттер жаңа істер арқылы іске қосылып сізге қызмет жасауы да мүмкін. Бірақ ескеретін бір жайт: жаңа өзіңіз бұрын-сонды жасап көрмеген істе істегеніңіз де, кіші деңгейлісінен бастаңыз. Бірден өзіңіз хабарыңыз жоқ істі бастаймын деп батпаққа бату қаупіңіз де бар.

Негізі әлемдік бизнес тренерлердің болсын, философтардың айтатындарының бірі жаңа іс бастамай жатып, оған алдымен дайындалу қажет. Дайындықсыз бастап кету ол көзсіз тәуекел болады.

Бірақ та жаңа істерді бастаудың алдында оған дайындалыңыз. Егер де дайындалатындай реті келмесе жаңа істерді кіші деңгейінен бастап кетсеңіз болады. Осы жаңа істерді істеу арқылы өзіңіздің бойыңыздағы өзіңіз білмейтін жаңа күшті анықтауыңыз мүмкін.

Кез келген адамның бойында алапат күш бар. Тек оны оятып, іске қосу қажет.

Ғалым Үсен

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 200 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: