21:29
Жетістіктің жүз қадамы

79-ҚАДАМ: ӘР ІСТЕГЕН ІСІҢІЗДІ ТАЗА және САПАЛЫ ІСТЕҢІЗ

Сапалы іс – сапалы өмірдің бастамасы. Әр іс істегенде ісіңізді таза жне сапалы етіп істеңіз. Алдыңызға көптеген мақсаттар қойған болсаңыз, олардың әрқайсысына жету үшін әр ісіңіз сапалы боолғанда тез жететіңіз анық. Кейбір адамдар бар күніне көптеген жұмыстар атқарады. Күндік, апталық жоспарлар құрады. Бірақ істеген ісінің көбісін әйтеуір істедім бе, істемедім бе дегендей атқарады. Олай іс атқару сізді жетістікке апаруы қиын болады. Аз да іс бітірсеңіз де, сапалы етіп бітіре біліңіз.

Айталық, сіз кітап оқуды әдетке айналдырдыңыз делік. Сіз күніне кітап оқуға 2 сағаттай уақыт бөлетін болсаңыз, бұл негізі жақсы бөлінген уақыт. Бірақ ең маңыздысы қанша уақыт бөлгенде емес, қандай ақпарат қабылдадыңыз, қандай деңгейде қабылдадыңыз – сол маңызды болады. Кітап оқығанда да әйтеуір қолға ілінген кітапты емес, адамға көп пайдасын беретін, өзіңіздің қызығып жүрген салаңыз бойынша кітаптарды оқығаныңыз жөн болады. Адам өмірін өзгертуге сапалы 5 кітап жетеді. Бірақ сол 5 кітапты табу да оңай шаруа емес. Сол үшін де кітап оқудан бұрын кітап жайлы сұрастырып, өзіңізге керекті сала бойынша таңдағаныңыз дұрыс болады.

Сапалы көп жұмыс атқару үшін алдымен адамның өзі сапалы болу қажет. Ерсі естілуі де мүмкін: сапалы адам бола ма деп. Бірақ көптеген істерді сапалы атқару үшін адамның өзі алдымен сапалы болу қажет. Адам өмірінің сапасы 5 нәрсемен өлшенеді: денсаулығы, білімі, көңіл-күйі, рухани жан дниесі және материалдық жағдайы. Осы 5 нәрсе адамда жеткілікті болғанда ол адам сапалы адам және айналасына, қоғамға өз пайдасын бере алатын адам болады. Осы 5 нәрсенің 4 нәрсесіне көп адам қазірден-ақ кірісіп, өзінің бойынан көрсетуге болады. Олар денсаулықты күтуді, білім жинауды, үнемі көңілді болып жүруді және рухани дүниеңді әрдайым жаңартып жүруді осы 4 нәрсені қолданғаныңызда, 5-інші нәрсе: материалдық жағдай сізге өзі-ақ келетін болады.

Сайып келгенде, адам өмрінің сапасын анықтайтын 5 нәрсеге жұмыс жасай біліңіз. Осы 5 нәрсеге және басқа нәрселерге жасаған жұмысыңызды қолдан келгенше таза және сапалы істеңіз. Сапалы жұмыс – сапалы өмірдің бастамасы.

Өзіне артық жүк арқалайтын адам көп іс тыңдырады.

Вильгельм Гумбольдт

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының 2№ ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 212 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: