17:53
Жетістіктің жүз қадамы

62-ҚАДАМ: ТҰЛҒА БОЛЫП ТУЫЛМАЙМЫЗ, ТҰЛҒА БОЛЫП ҚАЛЫПТАСАМЫЗ

Әлем ұлы деп таныған тұлғалардың барлығы да ұлы тұлға болып туылмаған. Бәрі де ұлы тұлға болып қалыптасты. Кез-келген адам мықты тұлға бола алады. Тек оның құнын төлесе. Құн дегеніміз сол мықты тұлға болып қалытасуға керекті жолда кететін жұмысы. Ал ол жұмыстың құнын құнын төлеу үшін теңізге емес, теріңе малшынуға тура келеді. Кез-келген жетістіктің артында үлкен талпыныс жатқаны анық. Айталық, сіз жақсы үйде тұрғыңыз келсе, жақсы киім кигіңіз келсе, дене сымбатының әдемі болғанын қаласаңыз, шетелде демалғанды қаласаңыз, онда оның құнын төлеңіз де орындай беріңіз.

«Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай, һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп жасау керек, ал күшті болуға бірлікте болуымыз қажет. Ал осы керектілердің жолында жұмыс жасауымыз керек».

Ахмет Байтұрсынұлы

Осы керектілерге жету үшін осылардың құын төлеу қажет. Мықты тұлға болып қалыптасу үшін әрине тұлғалардың атқарған жұмысындай жұмыс, немесе олардан да көп жұмыс атқаруға тура келеді. Кез-келген әлемде танымал адамдардың өмірбаянына қаарсаңыз, олар жастайынан білім-ғылымға немесе шығармашылыққа, немесе спортқа осы секілді нәрселерге жан құмары қатты болған. Олар сол жан құмарын тән құмарынан артық қойып, сол жан құмарымен өмірінің аяғына дейін жұмыс атқарып, өз еліне немесе әлемге атын қалдырып кетті.

Кез-келген адам басқаға үлгі болатындай тұлға бола алады. Ол үшін салауатты өмірді қалыптастыру керек. Салауатты өмір дегенім жарқын өмір сүруге керекті нәрселерді пайдалану. Олар білім-ғылымды меңгеру, спортпен айналысу, рухани жан дүние тазарту және жаңғырту осы секілді нәрселерді өмірлік ұстанымы етіп алса, ондай адамға кез-келген саналы адам қызығып, құрмет тұтатыны анық.

Өмірдегі барлық жақсылықты көре алуға болады. Тек дұрыс көзқараспен қарай білсе болғаны. Сол барлық жақсылықты бойға қолдан келгенше сіңіріп, оны айналамызға қолдан келгенше шаша білсек, міне сол кезде мықты тұлға болып қалатынымыз анық.   

Сен кімдерге көп еліктесең, болашақта сол адамдар сияқты болуын ықтимал.     

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 233 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: