15:58
Жетістіктің жүз қадамы

61-ҚАДАМ: ӨМІРДІҢ МӘНІ МАҚСАТ ҚОЙЫП, ОҒАН ЖЕТУ

Бірде әлеуметтік желіде мынадай бір сөз болды. Әзілге айналдырған екен. Ондай былай жазылыпты:

Бір жас бала таудың етегінде отырған ақсақалдан: «Өмірдің мәні неде?» - деп сұрайды, ал ақсақал: «Өмірдің мәнін  Googlе-ден сұрап көрсей», - деп тіл қатты.

Әрине бұндай сөзді әзілге айналдырған дұрыс емес. Бірақ осы сөзді оқып, шынымен де, өмірдің мәні неде деп сұрақ қойсақ. Басында аса бір мән бермедік.

Кейін уақық өте келе, әлемге танымал тұлғалардың кітаптарын оқып, жалпы өз түсінігімізге сәйкес келгені өмірдің мәні ол алдыңа сені жақсылыққа апаратын, артыңа із тастайтын, көпшілік адамға көмектесетін даңғыл мақсат қойып, соған жетсең сол өмірдің мәні деп білсек. Өмірдегі барлық жақсылықты алдыға мақсат қып, оны орындауға болатынына сенімдіміз.

Мысалы, денсаулық адамның өміріндегі бақыттың 10-нан 9-на тең. Денсаулықты сақтау-сақтамау біздің өз қолымызда. Сіз ішімдіктерден, шылымнан, зиянды тағамдардан бас тартсаңыз, спортпен күніне 1 сағат айналыссаңыз, қиындықта сабыр сақтай білсеңіз және әрдайым өзіңізге зиян ететін нәрселерден сақтана білсеңіз, сіздің денсаулығыңыз жақсы болатыны анық.

Денсаулықты күтуді мақсаттарыңыздың арасына қосып қойыңыз және оны әрдайым орындаңыз. Осы секілді барлық жақсылықты мақсат қылып, алдыңызға қойып, оны орындасаңыз, бақытты болғаныңыз. Білім жинау болсын, отбасы құру болсын, бала-шағаңыздың саналы ұрпақ болып өсуі, айналаңыздағы адамдарға көмектесу болсын барлық жақсылықты мақсат қып қойып, оны орындау нағыз батыл адамның қолынан келетіні анық. Өмірдің мәнін ғарыштан немесе айналаңнан немесе біреуден емес. Әуелі құдіретті Алладан жәрдем сұрап, алдыңа мақсат қойсаң, содан табатынымыз анық деп білем. 

Мақсаты жоқ 1000 адамнан мақсаты бар 1 адам артық.       

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 226 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: