06:23
Жетістіктің жүз қадамы

60-ҚАДАМ: РЕАКТИВТІ СӨЙЛЕУ

Реактивті сөйлеу ол сізді құрдымға жіберетін үлкен жолдың бірі. Реактивті сөйлейтін адамдар әдетте өмірде жетістікке жетпеген, қорқақ, жалқау пессимист адамдардың қатарынан болады. Реактивті сөйлейтін адамдар, өз саналарына менің қолымнан түк келмейді, мен әлсізбін, менде білім, тәжірибе жоқ деп мөр басып қойған. Ол мөрді өшірмейінше сол реактивті сөйлеу арқасында бір жетістікке жетуі екіталай.

Себебі санасына сіндіріп тастаған. Соның арқасында ісі де түзу емес. Ісің түзу болмағаннан кейінәдет, мінез-құлқың да түзу болмайтыны анық. Мінез-құлқы бұзылған адамның өмірі бұзылатыны белгілі. Сондықтан әрқашан реактивті емес, проактивті сөйлей біліңіз.

Дана халқым не дейді. «Жақсы сөз жарым ырыс» демекші, әрдайым жақсы сөйлей біліңіз. Сонда жетістікке жетуге керекті басты нәрселердің бірін қолға түсірдіңіз. Ол сізге әрдайым қызмет жасайтын болады. Нені санаңызға сіңірсеңіз де сол сізге өз қызметін жасайтын болады.

Тек жақсы сөйлеңіз. Өміріңіз жарқын болмақ.        

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 235 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: