00:37
Жетістіктің жүз қадамы

59-ҚАДАМ: ПРОАКТИВТІ СӨЙЛЕУ

Жетістікке жететін адамдардың басты қасиетінің бірі проактивті сөйлеуінде. Себебі олар қандай іске жолықса да мүмкіндікті қарастырады. Проактивті адамдар әрдайым өзіне сенімді, сенімді болмаған күннің өзінде де сөйлеу сөзін нық сенімді қып сөйлей біледі. Осының арқасында олар жеңіске жету мүмкіншілігі реактивті сөйлейтін адамдардан қарағанда жоғары болмақ.

Сіздің әрбір сөйлеген сөзіңіз ол сізге әсер етеді. Егер сіз «мен жалқаумын, менде білім жоқ, менің тәжірибем жоқ, менің қолымнан еш нәрсе келмейді» деп айтсаңыз, шынымен де сіздің айтқан сөздеріңіз орындалады.

Бірде Генри Форд айтыпты: «Егер сіз «менің қолымнан келеді» деп айтсаңыз мен сізге сенемін. Егер сіз «менің қолымнан келмейді» деп айтсаңыз бұл жолы да сізбен келісемін.тсіздің қолыңыздан келмейді» деп айтқан екен.

Адам қалай сөйлесе ол сол сөйлеген жағына қарай өзгереді. Проактивті сөйлеу үшін алдымен ойды өзгерту керек. Адам ойын бір күнде өзгерте алады, егер ниеті болса. Ойыңызды өзгерте білсеңіз, сөзіңіз өзгереді. Сөз өзгерсе ісіңіз, ісіңіз әдетке, әдетіңіз мінез-құлыққа, ал мінез-құлқыңыз өміріңізді анықтайды.

Юарлық нәрсе ой арқылы сөзден басталатыны анық. Бәрі бір-бірімен тығыз байланысты. Ойдан бірден әдетке аттап кете алмайсыз. Алдымен сөзге, іске одан кейн әдетке жетесіз. Проактивті сөйлеуге де дайындық жасасаңыз болады.

Егер сіз өзіңізді жалқаумен деп есептесеңіз, онда бір парақ алып, бір мың рет «мен еңбекқормын» деп жазыңыз және айтыңыз. Осылай бір апта қайталасаңыз, сіздің ойыңыз өзгеріп, сөзіңіз де, ісіңіз де дұрыстала бастайды. Себебі сіз миыңызға «мен еңбекқормын» деп жеті мың рет айтыңыз. Ми әрбір айқан сөзіңізді өзіне сіңіре біледі.

Мида жүз миллирдтан астам нейрон бар. Сол әрбір нейронға сөзіңізді сіңіре білсеңіз болғаны. Ол сізге айтқаныңыз бойынша жұмыс істейді. Сол үшін де өзіңіздің санаңызға зиян тигізетін сөздерді ешқашан айтпаңыз. Тек проактивті сөйлеңіз. Сонда өзіңіздің өміріңіз өзгереді. Айналаңызға да оптимист адам ретінде көрінесіз.          

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 219 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: