15:18
Жетістіктің жүз қадамы

58-ҚАДАМ: ІСТІ ЕРТЕҢГЕ ҚАЛДЫРМАҢЫЗ

Атқаратын істі ертеңге қалдырмаңыз. Қолдан келгенше бүгін бітіруге тырысыңыз. Қалғаны ертеңге қалар. «Еріншектің ертеңі бітпейді» деген халық арасында айтылып кеткен бұл сөздің берер мағынасы зор. Негізінде өмірде жетістікке жетпеген адамдардың басты кемшіліктерінің бірі – ол осы бүгін атқарылатын істі ертеңге қалдыруы.

Бүгін атқарылатын іс ол бүгін атқарылуы тиіс. Ертеңгі күннің жаңа атқаратын ісі бар. Өмірде табысқа жеткен адамдардың көпшілігі оптимист мінезді болған. Олар қолдан келгенше істі бүгін атқаруға тырысқан. Себебі ертеңгі күнге басқа атқаратын істері баршылық. Мақсатыңызға жеткіңіз келсе, істі ертеңге қалдырмауға тиіссіз.

Сіз мақсатты белгілі бір уақытқа құрасыз. Ол мақсатыңыз кішкентай атқарылатын істерден құралатыны анық. Сіз мысалы мақсатыңызға жету үшін 10000 іс атқаруға тиіс болсаңыз, онда сіз сол 10000 істі бөлінген күндерге ыңғайлап атқарыңыз.

Әр кішкентай істе «ертең істей салам ғой» деген сол мақсатыңызға жетер жолды алыстап және ол мақсатыңыздың уақыты өтіп кетуі мүмкін. Сол үшін де істі бүгін атқаруға тырысыңыз. Ертеңгі күннің өзіндік атқаратын істері баршылық. Іске сәт!         

«Ертең жасаймын» деген сөзді көп қолданатындар, әдетте, сәтсіз, кедей, бақытсыз адамдар болып келеді.

Роберт Кийосаки

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 223 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: