15:46
Жетістіктің жүз қадамы

56-ҚАДАМ: ӨЗ-ӨЗІҢІЗДІ ЕШҚАШАН АЛДАМАҢЫЗ

Ең жаман нәрселердің ьірі – өз-өзіңді алдау. Кейбір адамдар өздерінің істеп жатқан іс-әрекеттерінің дұрыс емес екенін біле тұра, оны істей береді. Кейінірек істей берем ғой, қазірше осыны істеп жүре берейін деп өз-өзін өмір бойы алдап өтуі ықтимал. Мысалы, тамақтануға байланысты қарайықшы.

Кейбір адамдарды көріп өз-өзін алдап жатқанын аңғарасың. «Мен бүгін соңғы рет осы газды сусынды ішіп жатырмын» немесе «осыдан кейін осындай майлы тағамдардан бас тартам» деген сөзді жиі естиміз. Бірақ кейінірек қарасаң, жаңағы газды сусын мен майлы тағамдарын тұтынуды доғармаған. «Бір рет те бас тартқан едіңіз ғой, не болды?» деп сұрасаң, «ой, енді бас тартайын деп жүрмін» немесе «онша зиян емес екен ғой» деген сөздерді естиміз. Бұндай жүрісімен оны тастауы екіталай.

Тек өзін алдағаннан басқа еш нәрсеге қол жеткізбейді. Басқа да нәрселер осы секілді. Олар ішімдіктерді қою, шылым шегуді доғару, құмар ойындардың жаман екенін мойындау, ерте жатып ерте тұруды әдетке айналдыруды келесі аптадан бастаймын деп жүру, келесі аптадан бастап кітап оқимын, ендігі жылдан бастап кәсібімді бастаймын деген секілді нәрселерді кейінге қалдыра береді.

Бұл жүрісімен тек өзін алдап жатқанын аңғарамыз. Ал уақыт болса зулап өтіп жатыр. Уақытты бағалай біліңіз. Барлық істің өз уақытында орындалуына назар аударыңыз.       

Алдау – жаман нәрсе. Бірақ ең жаманы – өз-өзіңді алдау.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 243 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: