10:48
Жетістіктің жүз қадамы

55-ҚАДАМ: ҮМІТІҢІЗДІ ЕШҚАШАН ӨШІРМЕҢІЗ. ҮМІТ ЖАНАРМАЙ СЕКІЛДІ

Үмітсіз өмір сүру қиын. Өз-өзіңізге сеніңіз. Сенім адамды 180 градусқа өзгертеді. Байқасыз ба, сенімсіз бастаған істеріңіздің соны немен аяқталатыны. Көбісі орындалмай қалады. Әр бастаған ісіңізге сене біліңіз. Бірақ мынаны естен шығармаңыз. Сіздің қолыңыздан келуі екіталай іске сену ақымақтық болады. Мысалы, 10 шақырымдық алыстыққа 58 минутта жүгіре алам делік.

Егер мен 10 км-ге 30 минут жүгірем деп өзіме үміт артып сенімділігімді күшейткеніммен мен оны білем қолымнан келмейтінін. Кемі оған 2-3 айлық арнайы жаттығу қажет болады. Ал егер 50 минутта жүгірем деп бар күшімді салсам, орындай алатыныма сенімдімін. Бірақ қаттырақ қиналатынымды да біліп тұрмын. Осы сияқты қолыңыздан мүлдем келмейді деген істеріңізге үміт артпай-ақ қойыңыз. Бірақ үнемі өзіңізді жетілдіру арқылы өзіңіз ойламағандай жетістікке жетуге болады.

Өмірдегі алдыңызға қойған мақсатыңызға ешқашан үмітіңізді өщірмеңіз. Мейлі ол 20 жылдан кейін болатын іс болса да, үмітңізді өшірмей, әрдайым ойыңызды ыстап жүріңіз. Бұл сізге болашаққа сенімділікті арттырады және бұрыс жолға түсіп кетуіңізден де сақтайды.

Үміт – адамның рухани дүниесінде азық секілді. Үміті жоқ кейбір адамдарға қарап менің ішім ашиды. Болашағына ешқандай үміті жоқ тіпті алаңдаушылығы да жоқ. Болашағына жүйелі бір мақсаты да жоқ. Сұрасаң өзінен «болашақта қандай жоспарларың бар» деп, айтатыны «көреміз ғой, уақыт келсін, әлі жаспыз ғой» деген сөздерді естиміз. Бұндай адамдардан алдағы уақытта қандай тұлға шығатыны белгісіз. Бірақ ақыры жақсы болмайтыны белгілі.

Мақсатыңызға үмітіңізді әрдайым арттырыңыз және өзіңізді үнемі жетілдіріңіз. Спорттан, білімнен, тәжірибеңізді, рухани дүниеңізді әрдайым жетілдіріңіз. «Адам мақсатына өзін жетілдіру арқылы жетеді» (Әбу Насыр әл-Фараби).      

Айналаңа – махаббатпен, алға – үмітпен, артқа – ризашылықпен, аспанға – иманмен қара.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 243 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: