11:20
Жетістіктің жүз қадамы

48-ҚАДАМ: АДАМ ЖАСАҒАНДЫ АДАМ ЖАСАЙДЫ

Адам жасағанды адам жасайды. Егер сол адамдай еңбектеніп, білім, тәжірибе жинаса. Кез келген жетістіктің артында еңбек, білім, тәжірибе тұр. Сол сияқты да өзіңізді болашақта қандай тұлға ретінде сезінгіңіз келеді. Мысалы, өзіңізді табысы жақсы мықты кәсіпкер ретінде алдағы уақытта сезінгіңіз келсе, онда сол жеткен кезіңіздегідей бір кәсіпкер тұлғаны қоғамнан тауып алыңыз. Сол кісінің жинаған білімін, игерген тәжірибесін, атқарған еңбегін зерттеңіз де сол сияқты алдыға ұмтылыңыз.

Оның жинаған білімі, тәжірибесі, еңбегінен де сіз көп жұмыс атқаруға тырысыңыз. Сонда сол ойлаған адамдай емесе одан да биік жетістікке жетуге мүмкіндігіңіз зор болмақ. Әлемдік деңгейде үлгі тұтатын адамдар Дональд Трамп, Билл Гейтс, Стив Джобс т.б. ал өзіміздің мемлекет бойынша үлгі тұтатын ағалар Ахметбек Нұрсила, Аманжол Рысмендиев т.б. секілді тұлғалар. Болашақта түбегейлі осы кісілер сияқты болмасаңыз да, осы кісілерді барынша зерттеп, осы кісілердің оқыған кітаптарын оқуға тырысыңыз.

Осы кісілердің биографиясын оқып, одан да ой қорытыңыз. Осы кісілердің құрған кәсіптері қалай құрылды, бастапқы кезде қалай іс атқарды, соның бәрін білуге және осы кісілер секілді жұмыс атқаруға тырысыңыз. Сіз түбегейлі осы тұлғалар секілді болсам ғой деп армандаңыз. Бірақ осылар секілді жұмыс атқаруға тырысыңыз.

Осы кісілердің атқарған істерін мен де атқарсам, тура осылар сияқты болмасам да, өзім ойлағандай кәсіпкер немесе саясаткер болуға мүмкіндігіңіз зор болмақ. Адам жасағанды адам жасайды. Оныңда басында 100 миллиард нейрон бар. Тек ол атқарған істерді сіз де атқарсаңыз болғаны.      

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 238 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: