15:57
Жетістіктің жүз қадамы

47-ҚАДАМ: КӨП ТЫҢЛАП, АЗ СӨЙЛЕҢІЗ. ҮЛКЕН ТАБЫСҚА ЖЕТЕСІЗ

Осы «көп тыңдап, аз сөйле» деген сөзді көптеген кітаптардан оқимыз. Ойланып қарасақ, өте дұрыс айтылған сөз екен. Адам көп тыңдаған сайын білімі толығатыны анық. Көп сөйлеген сайын сізге ешқандай білім құйылмайды. Тек өз ойыңызды қорытып сыртқа шығарғаннан басқа еш нәрсе ұтпайсыз.

Адамдармен сөйлескенде алдымен оның сөзін толық тыңдап алыңыз. Не айтқысы келіп тұрғанын біліп алғаннан кейін жаубаыңызды қайтарыңыз. Сонда айналаңыздағы адамдарға сабырлы тұлға ретінде көрінесіз.

Адам көп сөйлеген сайын сөзінің сапасы төмендеп, көп қателік жіберетінін аңғаруға болады. Көп тыңдауыңызды әдетке айналдырыңыз. Тыңдағанда да сізге пайдасын беретін материалдарды тыңдаңыз. Қазір Ютуб-ты ашсаң болды, қалаған салаң бойынша ақпарат алуға болады. Оның ішінде пайдалысы да, пайдасызы да бар, тіпті адамға кері әсер ететін бейнежазбалар да бар. Осыынң ішінен тек өзіңізге пайдалы бейнежазбаларды көруді әдетке айналдырыңыз. Сапалы бейнежазба көрсеңіз кітаптан жинаған біліміңізден әлдеқайда тез және оңай жиналады. Тек өзіңізге пайдалыларын көруді әдетке айналдырсаңыз болғаны. Сөзіңіз қысқа да нұсқа болсын. Ойға қонымды сөйлеңіз, ортаңызда абыройлы боласыз.    

Кім Аллаға және ахирет күніне сенсе, жақсы сөйлесін немесе үндемесін.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.)

Үнсіздіктің де мәні бар: біреулері түсінбегеннен, біреулері өте жақсы түсінгендіктен үндемейді.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 239 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: