13:05
Жетістіктің жүз қадамы

46-ҚАДАМ: АУЫР КЕЗЕҢДЕРДЕ ӨЗІҢІЗДІ ЖАҚСЫ ҰСТАҢЫЗ

Пенде болғаннан кейін ауыр кезеңдер әрдайым басымыздан өтеді. Ойламаған жерден кедергілер келуі ықтимал. Сол ауыр кезеңдерде рухыңыз оңай сынып қалаытн болса, көздеген мақсатыңызға жете алуыңыз екіталай.

Әрбір сізге жолыққан қиындықты кедергі ретінде емес, оны есеп ретінде көріңіз. Сізге жолыққан қандай жағдай болса да, біріншіден, сабыр сақтап, оны шешу жолдарын қарастырыңыз. Шешілмейтін түйін жоқ. Егер ретін тапқан адам болса. Қиындық басыңызға туғанда қобалжып, өзіңізге сенімділігіңіз төмендеуі мүмкін. Бұл сізге тек зиянын беретіні айдан анық. Нағыз қолбасшылар қандай жағдай болса да, өзін бір қалыпты ұстай біледі. Осыған байланысты бір болған жағдайды келтірейік:

Бұрынғы заманда бір ғұламаның керуені сауда жасау үшін жолға шығыпты. Керуенге ғұлама дүние-мүлкін түгел дерлік артып жіберіпті. Сол керуенінен жаңағы кісіге шұғыл хабар келіпті. Ода сіздің керуеніңізге қарақшылар шабуыл жасап бүкіл дүние-мүлкіңізді ұрлап әкетіпті деген суыт хабар жетеді. Сонда ғұлама ешқандай эмоцияға берілмей, бұйырғаны осы да депті.

Сәлден сол тағы жаңағы керуеннен хабар келеді. Ода керуеніңізді тонаған қарақшылар сіздің емес, басқа біреудің керуенінің тоналғаны екенін жеткізеді. Сонда ғұлама бұл жолы да ешқандай эмоцияға берілмейді. Сонда хабарды жеткізуші жалшысы ғұламдан бұның мән-жайын сұрайды. Сіз жаңа дүние-мүлкіңіз тоналғанда да еш эмоцияға берілмедіңіз.

Бүкіл дүние-мүлкіңіз қайта оралғанда да еш эмоцияңызды білдіртпедіңіз, бұның сыры неде деп сұрапты. Сонда ғұлама мен алғашқы хабарды естігенінмде жүрегіме құлақ салдым, жүрегім ешқандай қобалжуды сезбеді. Сондықтан да эмоцияға берілмедім. Екінші хабарды естігенімде де жүрегіме құлақ салдым, бұда да жүрегім ешқандай қуанышты аңғармады, сондықтан ешқандай эмоцияға берілмедім деп жауап қайтарған екен.

Бұл болған жағдайдан не түйеміз? Қандай жағдай болса да, өзімізді жақсы ұстай білуіміздің дұрыс екендігін айтып тұр. Бұл тек қаржылық жағдайға байланысты айтылып тұр. Өмірде түрлі жағдай болуы мүмкін. Денсаулыққа байланысты, қарым-қатынасқа байланысты. Қандай жағдай болса да, сабыр сақтап, оны түзетуге және алдыға жүруден талмаңыз. Сонда көшбасшылардың қатарынан боласыз.    

Қандай жағдай болмасын сабыр сақтай біліңіз, сонда бәрі жақсы болады.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 251 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: