23:22
Жетістіктің жүз қадамы

45-ҚАДАМ: ӨТКЕНГЕ ЕШҚАШАН ӨКІНБЕҢІЗ. ТЕК САБАҚ АЛЫҢЫЗ

Өкініш – адамға ешбір пайдасы жоқ, тек зиянын тигізетін адам бойындағы жағымсыз ой. Пенде болғаннан кейін қателік жасамай тұрмаймыз. Қателесеміз, бір іске ұрынамыз, түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Бірақ қайта ойлап өзімізге еш пайдасын тигізе ала алмаймыз. Өкініш адамды күйзеліске әкеледі. Өткенге өкінішпен емес, қуанышпен қарай біліңіз. Өткенге өкіну адамды күйзеліске апарады және болашаққа сенімділікті төмендетеді.

Өкініш – денсаулықтың бұзылуына, өзіңізге сенімсіздік туғызуы мүмкін. Дұрысы: болған істі ойлап күйзелгенше одан сабақ алып, ендігәрі қайталанбауға және сол істі түзетуге күш салыңыз. Сонда ғана алға жүресіз. Бірде бір ғұлама адамдарды үшке бөліпті. Олар: ұлы адамдар, ақылды адамдар және ақымақ адамдар

Ұлы адамдар басқа біреулердің қателіктерін көріп тұрып, оны қайталамауға тырысады. Ақылды адамдар өздері жасаған қателіктерді қайталамауға тырысады. Ақымақ адамдар басқа біреудің қателігін көрсе де, одан сабақ алмайтын, өзі жіберген қателіктерді біле тұрып, тағы да қателік жасайтын адамдар деген екен. Біз түбегейлі ұлы адамдар қатарынан болмасақ та, айналамыздағы адамдардың жасаған қателіктерін қайталамауға және өзіміздің жасаған қателігімізден сабақ алуға тырыса білуіміз керек. Сонда өмірде өкінішіміз аз, қуанышымыз көп болмақ.   

Өткен іске өкінбеу керек. Өмірден алған соққылардың бәрі маңызды емес. Маңыздысы – біздің еш нәрсеге мойымай, алға қарай ұмтылып, өмір сүріп келе жатқандығымыз.

  • Стивен Кинг

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 264 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: