19:46
Жетістіктің жүз қадамы

42-ҚАДАМ: ӨМІРДІҢ БАСТЫ ЗАҢЫН ҰМЫТПАҢЫЗ – ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАМАНДЫҚТЫ ЖЕҢЕДІ

Әрқашанда жамандықты жақсылық жеңеді. Басында жамандық үстемдік орнатар. Бірақ түбі жақсылық жеңіп шығатыны айдан анық. Қазір әлемдегі кейбір нәрселерге қарап, үздіксіз майдан болып жатқанын байқайсың. Айталық, олар жемқорлық, небір түрлі қылмыстық іс-әрекеттер секілді жағымсыз жағдайлар ғасырлардан бері тоқтаусыз жүріп келеді.

Саналы, тұрақтылықты, әділеттілікті жақтайтын адамдар әрдайым күресу үстінде. Жақсылық жамандықты жеңгенімен, түп тамырымен жою мүмкін емес. Онымен тек күресе бересің, күресе бересің. Бұл шексіз майдан. Адам баласының бойында да сол секілді жағымсыз нәрселер үнемі болатыны айдан анық.

Олар жалқаулық, өсек, өтірік, мақтаншақтық, тәкаппарлық, ақшаны бей-берекетсіз шашу, зинаға құмарлықсекілді жағымсыз нәрселермен біз үнемі күресуіміз қажет. Бұлардан бойыңызды аулақ ұстамасаңыз, бірте-бірте бойыңызды жаулап алуы ықтимал.

Сол үшін де осындай кеселдерден үнемі сақтанып, өзімізді сақтандыруымыз қажет. «Сақтансаң сақтаймын» деген сөзді естен шығармаңыз. Әрдайым жақсы амал жасауға өзіңізді әдеттендіріңіз. Жаман іс-әрекеттерден барынша сақтаныңыз.

Не істесең де, ол өзіңе қайтып келеді. Жағымсыз іс-әрекеттерің де, жағымды іс-әрекеттерің де міндетті түрде өзіңе оралады.

Ең жақсы қуаныш – жақсылыққа өзгеру.

  • Нельсон Мандела

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 270 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: