21:50
Жетістіктің жүз қадамы

40-ҚАДАМ: ӨЗІҢІЗДІҢ КЕМШІЛІКТЕРІҢІЗДІ ЗЕРТТЕҢІЗ ЖӘНЕ ОНЫ ТҮЗЕТІҢІЗ

Адам баласында кемшілік болу – табиғи үрдіс. Бірақ біз бойымыздағы кемшіліктерімізден қолдан келгенше айыға аламыз. Өзіңіздің бойыңызда кемшіліктеріңізді түзетуден шаршамаңыз. Бойдағы кемшіліктеріңізді байқаудың бір жолы – сырт көзге мән беру.

Өзіңіз жақсы қарым-қатынастағы 10 адамнан өзіңіздің кемшіліктеріңізді сұраңыз. Бірақ сұрар алдында оған шындықты айтуды ескертіңіз. Әйтпесе кейбір достарыңыз сізге «ой, сенде кемшілік мүлдем жоқ» немесе «»сізде жоқ нәрселерді бар» деп айтуы ықтимал. Бұл сұрақты өзіңіз сенімді адамдардан сұраңыз. «Сырт – көз сыншы». Көбінесе олардың айтқаны дұрыс келеді. Енді өзіңіздің кемшіліктеріңізді білгеннен кейін оны түзету шараларына кірісіңіз.

Кемінде сізде 5-6 кемшіліктеріңіз болуы мүмкін. Өз кемшілігіңді біліп, оны түзеткіңіз келсе, абай атамыздың 45 қара сөзін толық оқып шығуға кеңес береміз.

Бұнда адам бойындағы кемшіліктер түгел дерлік жазылған және одан айығу жолдарын да Абай атамыз айтып кеткен. Тағы айтарымыз: әлемге танымал тұлғалардың кітаптарын оқуды әдетке айналдырыңыз. Мысалы, Джон Кехоның «Түйсігіңмен ойлай біл», Стивен Ковидың «Жоғары дәрежелі адамдардың 7 дағдысы», Брайан Трейсидің «Комфорт аймақтан шыға біл» деген әйгілі кітаптары. Бұл кітаптарда адам қалай ойлау керк, қалай әлсіз тұстарымыздан айырыламыз, мақсатты қалай қоямыз – адам санасын ретке келтіретін ақпараттар түгелімен дерлік берілген.

Сүйегі жоқ балық болмайтын сияқты, кемшілігі жоқ адам да болмайды.

  • Лютер

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 273 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: