22:21
Жетістіктің жүз қадамы

39-ҚАДАМ: ӨЗІҢІЗ ЖАЙЛЫ КӨП АЙТА БЕРМЕҢІЗ

Сіздің ойларыңыз, сіздің стратегиялық дамуыңыз ол сізге ғана тән. Өзіңіз жайлы мүлде ақпарат бермеңіз демейік. Ақпаратты беріңіз айналаңыздағы адамдарға. Өзіңіздің жақсы тұстарыңызды көрсетіңіз. Өзіңізді айналаңызға жеңімпазша көрсетіңіз.

Бірақ өзіңіздің даму жолыңызды, мақсаттарыңызды, басты мұратыңызды, алдағы уақытта атқарамын деген жұмыстарыңызды айтпаңыз. Сіздің бастапқы ой-мақсатыңыз бастапқысында әлсіз келеді. Оны айналаңыздағыларға айтатын болсаңыз, оның орындалуы қиын болады. Айналаңызға мақсаты бар, үнемі сонымен айналысатыңызды көрсетіңіз.

Бірақ даму жолыңызды, атқаратын жұмыстарыңызды мүлдем айтпаңыз. Құпияларыңызды жайып салмаңыз. Бірақ үйренгісі келген жақындарыңызға, достарыңызға мысал ретінде айтсаңыз болады. Менің мұратым осылай, мен осыған осындай даму жолдарымен бара жатырмын деген сияқтанып, түсіндіруңізге болады.

Бірақ басты өзіңізге тән дүниелеріңізді қазбалап аша бермеңіз. Ол басқа адамдарға сәйкес келе бермейді. Оларға түсініксіз де көрінуі мүмкін. Егер көмектескіңіз келсе, қолдан келгенше көмектесіңіз. Өмір сізге де көмектеседі.

Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы – қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін. Үлкендік – адамішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді – осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек.

(Абайдың жиырма бірінші қара сөзінен)

Есепсіз мақтанып, өзіміздегі көпке айта бермейтін құпияларымызды, кейде айналамыздағы адамдарға айтып қоятынымыз бар. Осы шамадан тыс айтылған кейбір сөздер адамға кері әсер ететіні анық. Дұрысы өзіңіз жайлы құпиялығыңызды сақтағыңыз келсе, ең алдымен, орынсыз мақтаудан сақ болыңыз.     

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 278 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: