22:53
Жетістіктің жүз қадамы

36-ҚАДАМ: КЕШІРЕ БІЛІҢІЗ – БАҚЫТТЫ ӨМІР СҮРЕСІЗ

Бақытты ұзақ өмір сүргің келеді ме? Онда кешіруді, түсінуді, үндемеуді, керек жерінде айтуды және жай ғана сүюді үйрен!.

Кешіре білу – адамның жақсы қасиетінің бірі. Небір түрлі адамдар бар түріңе күліп тұрып, артыңнан қатырып кететін. Бұндай адамардға ренжисін, ал істеген іс-әрекеттері адамшылыққа жат. Бірақ бақытты өмір сүргіңіз келсе, кешіре біліңіз.

Бірде шәкірті ұстазына айтыпты: «Сіз үнемі көңілді жүресіз. Ешкімге ашуланбайсыз, ренжімейсіз. Менің де сіз сияқты болғым келеді. Көмектесіңізші».

Шәкіртінің өтінішіне келісім берген ұстазы картоп пен қалта әкелуін бұйырыпты да былай депті: «Егер біреуге ашуланып, ызаланып, ренжісең бір картопты ал да соған ренжіткен адамның атын жаз».

«Сол-ақ па?» - дейді шәкірті.

Сонда ұстазы тағы былай депті: «Жоқ, сол қалтаны үнемі өзіңмен бірге алып жүруің керек. Біреуге ренжіген сайын бір картоптан қосып отырасың».

Шәкірті келіседі. Біраз уақыт өткен соң қалтасы картопқа толып, өзімен бірге алып жүру қиындайды. Алғаш салған картоптары шіріп, саси бастайды. Шыдамай кеткен шәкірті ұстазына келіп: «Ұстаз, мына қалта ауыр болып кетті. Әрі шірігендерінің сасық иісіне шыдау мүмкін емес. Ашуланбаудың басқа жолын үйретңізші», - дейді.

«Мұны саған не үшін істеттім? Біреуге ренжіген сайын ішкі жан-дүниеңде де осы құбылыс болады. Жүрегің ауырлап, таза ниетің бұзылып, жаман ойларың саси бастайды. Оны сен байқамауың мүмкін. Бірақ, ісің – әдетке, әдетің – мінезге айналады. Біреуге ренжімес бұрын не біреуді ренжітпес бұрын «үнемі өзіңмен бірге артық жүк арқалап жүру» керек пе, керек емес пе, ойлан», - депті ұстазы.

Бұл мысалдан түйетініміз: адам баласына өкпелеу бұл тек сізге ауыртпалық әкеледі. Сол үшін де бақытты өмір сүргіңіз келсе, өкпелемеуді үйреніңіз.   

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 285 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: