12:24
Жетістіктің жүз қадамы

34-ҚАДАМ: АПТАСЫНА БІР КҮН ДЕМАЛЫҢЫЗ. ДЕМАЛЫСЫҢЫЗДА МОТИВАЦИЯ МЕН ЕНДІГІ АПТАҒА ЖОСПАР ҚҰРЫҢЫЗ

Демалыссыз мақсатқа жету мүмкін емес. Тек демалысыңыз тәуліктің 40 пайызынан аспасын.

Егер сен демалысқа уақыт таппасаң, онда жақын арада емделуге уақыт табуға мәжбүр боласың.

  • Д.Уэйнмейкер

Күнделікті қайталана беретін жұмыстан шаршайтынымыз анық. Аптасына бір рет өзіңізге, жақсы демалыс арнаңыз. Реті келсе тауға барып қайтыңыз болмаса саябақтарды аралап миыңызды сергітіңіз, спортпен айналысыңыз, ішіңіздегі күйзелістен арылыңыз. Іштегі күцзелістен айықпасаңыз, ол сіздің денсаулығыңызға зиянын тигізеді.

Себебі қандай да бір кез келген күйзелісті дереу сыртқа шығармасаңыз, ол сіздің денсаулығыңыздың бір шетінен шығуы мүмкін. Инфаркт, инсульт, онкологиялық ауралардың пайда болуына, осы іштегі күйзелістің әсерінен болуы мүмкін. Сол үшін де күйзелістен айыға біліңіз. Күйзелістен айығу жолдары – демалыс, спортпен шұғылдану, билеу, айқайлап ән айту сияқты нәрселерді орындау арқылы адам бойында жинақталған күйзелістер сыртқа шығып кетеді.

Жаңа аптаға жаңа мотивация жинаңыз. Демалысыңызда мақсатыңызға байланысты күнде атқаратын іс-әрекеттеріңізді, бір күнге доғара тұрыңыз. Келесі аптаға жаңа мотивациямен күнде атқарып жатқан мақсатыңызды жүйелеңіз. Бұған көп уақыт кетпейді. Мақсатыңызды жүйелеуге 15-20 минут болса, мотивация алуға 30 минут немесе 1-2 сағат немесе 1 күн қажет болады. Бастысы – демалып жаңа мотивация алып алыңыз. Болмаса желіңіз шығып, ерінбей еңбек қылуға әрекет ете алмайсыз.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 269 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: