11:26
Жетістіктің жүз қадамы

33-ҚАДАМ: ӨЗІҢІЗБЕН БІР КІШІ БЛОКНОТ АЛЫП ЖҮРІҢІЗ

Ойыңызға келген идеяларды блокнотыңызға жазып қоюды әдетке айналдырыңыз.

Күнделікті өмірде біздің ойымызға небір түрлі ойлар келеді. Оның ішінде пайдасызы бар, пайдалысы бар. Сол пайдалы ойларыңыздың ішінде небір түрлі идеялар да келуі мүмкін. Біз кейбір ойлаған ойларымызды, өзіміз қалаған уақытты ойлағымыз келсе, сол ойды ойлай ала алмаймыз. Адамның миы өзі сондай жаратылыс. Сол үшін де өзіңізбен әрдайым блокнот алып жүріңіз.

Оқуда болсын, жұмыста болсын, спортта болсын, отырыста болсын ойыңызға бір идеялар келгенде оны дереу блокнотқа жазып қойыңыз. Әйтпесе осы келген ойларыңыз ойдан шығып кетуі мүмкін. Айталық, сіз бизнес жайлы көп ойлайтын болсаңыз. Онда сіздің ойыңызға сізді миллионер қылатын 3,4 бизнестің түрлерін ойлайсыз. Бірақ оны көп адам ары қарай зерттеп қазбаламайды. Ойында ойлайды, бірақ есте сақтамайды. Осындай ойлар келгенде, оны дереу блокнотыңызға жазуды әдетке айналдырыңыз. Оны кешкісін зерттеп қарап шығыңыз. Сіз небір түрлі көп ойлар ойлған саын, ойыңызда соншалықты ойлар көбейе бастайды. Бұл заңдылық.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 277 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: