10:27
Жетістіктің жүз қадамы

32-ҚАДАМ: МҮМКІНДІК

Мүмкіндік туса – оны әжетке жарат! Егер сол мүмкіндік өміріңді бастан-аяқ өзгертетін болса, өзгеріске бейімдел.

Мүмкіндік – бұл сізге беріле бермейтін нәрсе. Ер жігітке өмірінде үш үлкен мүмкіндік беріледі деп дана халқымыз айтқандай, мүмкіндікті уақытында ұстап пайдаланып қалмасаңыз, одан айырылып қалуыңыз мүмкін. Тіпті келіп тұрған кейбір мүмкіндіктерді байқамай да қаламыз.

Кейде келіп тұрған мүмкіндікті көре тұрып, біле тұрып пайдалана ала алмай ұшырып аламыз. Мүмкіндікті уақытында пайдаланып қалу оңай шаруа емес. Бұған да тәуекелділілік керек. Сол тәуекелге барып іске кіріссеңіз өзіңіз ойламағандай жеңіске жетуіңіз ықтимал. Бірақ ескеретін бір жайт. Маған қашан мүмкіндік келеді екен депжүре беру ақымақтық.

Сіздің он екі мүшеңіз сау, ақыл есіңіз түзу, ішерге асыңыз, киерге бір киіміңіз, тұрарға бір кіші үйіңіз және тыныш мемлекетте өмір сүріп жатырсыз. Сіз бақытты адамсыз. Сіздегі басты байлығыңыз осы. Қалған қымбат киім, қымбат киім, қымбат үй, шетелде демалу бұның бәрін іс-әрекеттің еншісіндегі нәрселер.

Сіз еңбектеніп, білім жинап, мақсат қойып алдыға үнемі ұмтылсаңыз бұның бәрін алатын боласыз. Бастысы – басты байлығыңыз болса болғаны, қалғаны адамның істеген іс-әрекетіне байланысты нәрселер. Демек, сізде мақсатыңызға жетуге мүмкіндігіңіз бар. Тұрмаңыз, іске кірісіңіз. Уақыт өтіп барады. Оны ештеңе тоқтата ала алмайды.

Сол үшін де мүмкіндігіңізді пайдаланыңыз. Қазіргі дамыған дәуірде адамдардың көп нәрсеге мүмкіндігі әлдеқайда артты. Интернет дамыған дәуірде білім жинауға, көп білмейтін ақпаратыңызды білуге жол ашылды. ХХІ ғасыр білім ғасыры деп текке айтылмасы керек. Тек ерінбей алдыға ұмтылған адам әрдайым жеңіске жетеді. Оған барлық мүмкіншілік жасалған, бастысы – талмай еңбектену болса болғаны.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 284 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: