23:22
Жетістіктің жүз қадамы

28-ҚАДАМ: УАҚЫТТЫ БОСҚА ӨТКІЗУ

Уақытты босқа өткізу – сізге пайдасы жоқ істерге уақыт бөлк. Біз күнделікті өмірде небір түрлі істер атқарамыз. Оның бірінің пайдасы тиіп жатса, бірінің еш пайдасы жоқ, ал кейбір іс-әрекеттер өз зиянын да беріп жатыр. Сіз уақытты тиімді басқарсаңыз, өміріңізді де басқарасыз.

Уақыт тоқтамайды, ол тек өте береді және өте береді. Қазіргі ғаламтор дамыған дәуірде уақытты босқа өткізу адамдар арасында артып кетті. Әлеуметтік желілер алтын уақытымызды ұрлап жатыр. Күніне осындай әлеуметтік желілерге кемінде 4-5 сағат уақытымызды жұмсайсыз. Кейбір адамдарда тіпті бұдан да көп: 7-8 сағат уақытын кетіреді.

Ал кейбіреулері 1-2 сағат уақыт жоғалтады. Әлеуметтік желіліердің бізге берер пайдасы да бар. Ол күнделікті болып жатқан жаңалықтар, білгіміз келіп жатқан ақпараттарды алу секілді пайда тұстары бар. Бірақ бұл әлеуметтік желілердің берер зияны да бар. Бірінші, бейберекетсіз пайдасыз бейнежазбалар, суреттер, арзан шоу бірдеңкелерді көру арқылы уақытыңызды жоғалтасыз. Екінші, желіде көп отырып дене қимылымен аз айналысқандықтан денсаулығыңызға зияны тиеді. Үшінші, жасөспірімдер әлеуметтік желіде көп отырып, психологиялық және физикалық даму жағына кері әсер етеді. Әлі толық қалыптаспаған адам ғаламторда емін-еркін отырып, өзіне зиян тигізетін небір түрлі ақпараттарды көруі мүмкін. Олар эротикалық бейнежазбалар, суреттер, адасқан ағымдар жайлы, қорқынышты бейнежазбалар т.б. осы секілді материалдарды көру арқылы психологиялық соққы алып, болашақта саналы тұлға болып қалыптасуға кері әсер етуі мүмкін.

Сол себепті де жасөспірімдердің ғаламторды дұрыс пайдалануын қадағалаңыз. Айта берсек, әлеуметтік желіліердің берер зияны да өте көп. Дұрыс пайдалана білсең, пайдасы да мол. Бастысы өзіңе және жақындарыңа зияны тимейтіндей дұрыс пайдалана біл.

Уақыт – үлкен байлықтың бірі. Оны еш нәрсемен айырбастап ала алмайсыз. Уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз. Бәрін өз уақытымен жасаңыз. Алдыңызға мақсат қойыңыз, сол мақсаттарыңызды уақытқа бөліп, уақыт сізді емес, сіз уақытыңызды басқарыңыз.

«Бәлкім, сен бүгін мықты шығарсың, бірақ уақыт сенен де мықты».

  • Федор Достоевский

«Адам қаласа уақыт табады, қаламаса сылтау табады»

  • Отто Шмидт  

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 295 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: