12:04
Жетістіктің жүз қадамы

25-ҚАДАМ: ЖАЛҚАУЛЫҚ

Өмірде жалқау адамдар жоқ, өмірде мақсаты шабыттандырмайтын адамдар бар.

  • Энтони Роббинс

Жалқаулық – адам бойындағы жағымсыз құбылыс, түсініксіз де құбылыс. «Негізінде, жалқау адамдар жоқ, тек алдыға қойған мақсаты жоқ немесе қызықтыратын ісі жоқ» деп АҚШ-тың әлемге танымал мотиватор, бизнес тренері Энтони Роббинстың айтқаны бар.

Шынымен де, жалқау адамдар жоқ, тек өз ісіне қызықпайтын адамдар бар. Айталық, Мұрат деген жігіт волейбол ойнағанды ұнатады. Ол үш сағат тоқтамай волейбол ойнай алады. Оның бұл спорт түріне деген қызығушылығы өте жақсы. Бірақ оған бір сағат кітап оқиық, кел жалпы білімді жинайық десең, ол сіздің айтқаныңызға қызығушылығы мүлдем болмайды. Немесе жүр стадтонға 5-6 шақырымдай жүгіріп қайтайық десеңіз, оған да қызығышылығы болмайды.

Сүйреп апарсаңыз да барғысы келмейді. Негізінде, ол жалқау адам емес, тек кейбір жұмыстарға қызығушылығы жоқ адам. Егер сіз мұратыңызға жеткіңіз келсе, өзіңіз қызықпайтын істермен де айналысуға тура келеді. Сол өзіңіз қызықпайтын істерге қызығушылығыңызды, талпынысыңызды қалай арттырасыз? Бұны да шешуге болады.

Алға қойған мақсатыңызға жеткенде өзіңізді қалай сезінетіңізді ойлаңыз. Медитацияны жиі жасаңыз. Әр мұратыңызға байланысты атқарып жатқан іс-әрекеттеріңізді, арманыма жақындап жатырмын, осы іс-әрекеттер арқылы деп өзіңіздің істеп жатқан жұмыстарыңызға махаббатыңызды арттырыңыз.

Медитацияны жиі жасаңыз. Бұл сізге өзіңіз қызықпайтын жұмыстарды атқаруға мотивация береді. Жалқаулық деген осындай құбылыс. Бастысы алдыңызға мақсат қойып, сол мақсатыңызға апаратын жұмыстарды жүйелеп, сол мақсатыңызға жеткенде өзіңізді қалай сезінесіз соны медитация арқылы ойлап өзіңіз қызықпайтын, бірақ мақсатыңызға апаратын жұмыстарға қызығушылығыңызды әрдайым арттырып отырыңыз.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 300 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: