22:43
Жетістіктің жүз қадамы

24-ҚАДАМ: МАУБАСТЫҚ

Маубастық – адам бойындағы жаман әдеттердің бірі. Артық ұйқы сіздің жұмысыңызға да, денсаулығыңызға да кері әсерін береді. Сіз көп ұйықтаған сайын, көп ұйықтағыңыз келеді. Ұйқы өзі сондай түсініксіз құбылыс. Адамға 7-8 сағат ұйқы беймарал жетеді.

Одан артық ұйқы сізге кері әсерін берері айдан анық. Аз ұйықтасаңыз көп өмір сүресіз. Себебі адам ұйықтағанда 50% өлі болады. Барынша аз ұйықтап көп өмір сүріңіз және уақытыңызды дұрыс пайдаланыңыз. Маубастық дертінен қалай құтыласыз? Бұдан түбегейлі айығып кету оңай емес.

Бірақ сіздің алдыңызда арман мақсатыңыз болса, бұдан айығып кетуге болады. Мақсатыңызға күнде жақындап, еңбектеніп алдыға ұмтылсаңыз бұл маубастық кеселінен арыласыз. Бастысы алдыңызға мақсат қойылды ма, сонда бәрі жақсы болады.

Егер де сізде таңғы уақытта тәтті ұйқыңыздан тұру қиынға соғып жатса, оның да шешімін табуға болады. Таңертең ерте тұру үшін, ең алдымен, кешкі уақытта ертерек жату керек.  Реті келсе 23:00 болмай жатып қалғаныңыз жөн. Кейбір кездері ерте жатсаң да 7-8 сағат ұйықтап ұйқың қанбауы мүмкін. Ол мәселенеі де шешуге болады. Егер сізде осылай күніге таңғы уақытта ерте тұру қиынға соғып жүрсе, оған онда арнайы жаттығуларды жасағаныңыз жөн. Күндізгі уақытта үйіңізде кәдімгі кешкі уақытта жатқан сияқты төсек салып, 10 минуттық ұйқыға кетесіз. Оятқышты 10 минутқа қойып қойыңыз. Сонымен 10 минут көзіңізді жауып жатасыз да, оятқыш шырылдағанда ойланбастан дереу орныңыздан тұрасыз. Осылай 2-3 рет қайталаңыз. Ертесіне таңғы уақытта оятқыш шырылдағанда, сіз де дереу тәтті ұйқыңыздан тұруға қиындық тумайды. Себебі сіздің миыңыз, алдын ала арнайы жаттығудан өткендіктен, ұйқыдан тұру қиынға соқпайтын болады.

Бұл маубастықтан айығудың бір жолы ғана. Басқа да жолдар баршылық. Бастысы өзіңізде маубастық кеселінен айығуға ниетіңіз болса болғаны. Мақсатыңа жеткін келсе, маубастық кеселінен айырыл.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 300 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: