10:40
Жетістіктің жүз қадамы

23-ҚАДАМ: ӨМІРІҢІЗДІ САПАЛЫ ҚЫЛЫП ӨТКІЗІҢІЗ. ӨМІР УАҚЫТЫМЕН ЕМЕС, САПАСЫМЕН ӨЛШЕНЕДІ ЖӘНЕ БАҚЫТТЫ БОЛЫҢЫЗ

Өміріңізді сапалы түрде өткізіңіз. Өзіңізді әрдайым бақытты сезініңіз. Егер бақытты болуға бір нәрсе жетіспей тұрса, соны зерттеңіз, соған тартылыңыз.

Адам өмірінің сапасы бес дерексіз зат есіммен өлшенеді: денсаулық, материалдық жағдай, көңіл-күй, рухани дүние, білім. Осы бес нәрсе сізде жақсы, жеткілікті түрде болса, сіздің өміріңіз сапалы болатыны айдан анық.

Өміріңізде өзіңізді бақытты сезіну үшін бұл нәрселер әрине аздық етеді. Бұл бесеуі сіздің жеке басыңыздың сапасы болғандықтан, өмірімде бақытты өмір сүрдім деп айта аласыз ба?! Әрине, бақытты өмір сүру үшін бұлар аздық ететіні айдан анық. Отбасыңыз, сүйген жарыңыз, бала-шағаңыз – бәрі де сізге ең қымбат адамдар.

Жақындарыңызды қадірлей біліңіз. Бақытты өмір сүру үшін адамға көп нәрсе де керек емес, тек сол нәрселерді бағалай білген адам ғана бақытты болар. Өмір уақытымен емес, сапасымен өлшенеді.

Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада бұ дүниенің рахатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды.

Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі. Әуелі Құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды (Абайдың төртінші қара сөзінен)

Дана Абай айтқандай, өмірімізді босқа пайдасыз дүниелерге құрытпай, өзімізге өмірлік пайда беретін істерге уақытымызды бөлейік. Сонда өміріміз сапалы болып, ойлаған мақсаттарымызға жетуіміз анық.

Жас ерекшеліктеріне байланысты әр кезде атқаратын істердің басты бөліктерінің үлгісі

10 – 18 жас

18 – 23 жас

23 – 30 жас

30 – 40 жас

40 – 63 жас

Мектептік кез

Студенттік кез

Отбасы құрған кез

Отбасылық кез

Отбасылық кез

Жақсы тәрбие алу

Рухани жан дүниені жаңғырту

Материалдық жағдайды дұрыстау

Бала-шағаңды саналы тұлға етіп қалыптастыру

Бала-шағаңды саналы тұлға етіп қалыптастыру

Денсаулықты күтіп ұстауды үйрену

Салауатты өмір салтын ұстану

Отбасындағы бейбітшілікті сақтау

Қоғамға өз пайдаңды қолдан келгенше тигізу

Қоғамға өз пайдаңды қолдан келгенше тигізу

Мектеп бағдарламасында берілетін білім жақсы меңгеру

Жоғары не арнаулы оқу орнында алатын білім мен тәжірибені жақсы меңгеру

Бала-шағаңа дұрыс тәлім-тәрбие беру

Отбасыңды материалдық жағынан қамтамасыз ету

Туысқандарыңа, достарыңа қолдан келгенше көмектесу

Еңбекқорлықты дамыту

Жауапкершілікті өз мойнына алу

Жарыңмен дұрыс қарым-қатынаста болу

Туысқандарыңа, достарыңа қолдан келгенше көмектесу

Салауатты өмір салтын ұстану

Отанға деген патриоттық сезімді арттыру

Еліме не бере алам деген ойды қалыптастыру

Отбасыңа, туысқандарыңа қолдан келгенше көмектесу

Салауатты өмір салтын ұстану

Бала-шағаңа мектептен кейін білім алуына жағдай жасау, отбасын құруына көмектесу

Салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру

Жаңа заманауи білімдерді меңгеру. Кәсіп жасау

Салауатты өмір салтын ұстану

Отбасыңды рухани жаңғырту

Өзіңнің рухани дүниеңді мейілінше жаңарту

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 293 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: