10:34
Жетістіктің жүз қадамы

22-ҚАДАМ: САЛҒЫЛАСУДЫҢ ТЕК ЗИЯНЫ ҒАНА БАР

Егер де сізге сөз түсінбейтін немесе тек өзінікін дұрыс деп санайтын адаммен салғылассаңыз, сіз оның дәрежесіне түсіп, ол сізді тәжірибелігімен ұтып кетеді.

Күнделікті уақытта небір түрлі адамдармен жолығамыз. Олардың әрқайсысы әр түрлі ойда болғандықтан, олармен сіздің ойыңыз тура келе бермейді. Кейбір адамдар өз дегенін дұрыс деп санайды. Дұрыс болмаса да дұрыс деп санайды. Өзімшіл, дөрекі мінезді адамдармен салғыласпаңыз, олармен салғыласып абырой таппайсыз.

Ондай адамдармен сөзді қысқа қайырыңыз немесе үндемей күлімсіреп қоя салыңыз. «Сөз егесін табады», өз сөзі өзінен шыға алмай қалады. Егер де сізге сөз түсінбейтін немесе тек өзінікін дұрыс деп санайтын адаммен салғылассаңыз, сіз оның дәрежесіне түсіп, ол сізді тәжірибелігімен ұтып кетеді. Сол үшін де төмен деңгейлі адамдармен салғыласып, уақытыңызды, күш-қуатыңызды бекерге жоғалтпай, алға қойған мақсатыңызға әрдайым қадам басыңыз.

Адамдармен бітпейтін айтыстан сізге ешқандай пайда түспейді. Керісінше абыройыңызға нұқсан келуі де мүмкін. Дұрысы қандай жағдай болғанда да байсалды бола біліңіз. Сонда айналаңызға сыйлы тұлға боласыз.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 319 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: