11:19
Жетістіктің жүз қадамы

20-ҚАДАМ: ОПТИМИСТ

Өзің қандайсың – өмірің сондай.

Оптимист мінезді адамдар мақсатына тез жетеді. Олар әр істе де белсене кірісіп жұмыс істейді. Қиындық туғанда, әрдайым мүмкіндікті қарастырады. Оптимист адамдар қиындық көріп тұрып, мүмкіндік тауып алғыш қасиеттерімен ерекшеленеді.

Олар әрдайым жайдарлы, өмірге қуанышпен қарап, алға қойған мақсатына жету үшін үздіксіз жұмыс атқарады. Егер мақсатыңызға жеткіңіз келсе және өзіңізді осы оптимист адамдардың қаратынан көргіңіз келсе, осы оптимист мінезді адамдармен қарым-қатынасыңызды арттырыңыз. Өзіңізді әрдайым өмірге жеңімпазша қараңыз.

Өзіңізге сеніңіз және әрдайым дамыңыз, біліміңізді, тәжірибеңізді, барлық жағынан да өзіңізді жетілдіріңіз. Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай «адам мақсатына өзін жетілдіру арқылы жетеді».

Оптимист мінезді адамдар

Пессимист мінезді адамдар

Бұл жұмыстың қиындықтары бар екен. Бірақ мүмкіндіктерді қарастырып көрейін.

Жұмыстарында қиындықтар туса, жұмысын тастап кетуге дайын тұрады.

Мен бұл жұмысты міндетті түрде істеймін.

Мүмкіндіктерді қарастырғысы келмейді.

Азанда ерте тұрайын.

Ұйқыға жақын келеді.

Жұмыстарыма жоспар құрайын.

Жоспарсыз жұмыстар.

Тұлғаны дамытатын кітаптарды, бейнежазбаларды көрейін.

Жаңа білімдерді игеруге ынтасы жоқ.

Барынша көп жұмыс істегенді ұнатады.

Жұмысқа көбірек уақыт бөлгенді қаламайды.

Өнімді жұмыс істегенді ұнатады.

Жаңаша жұмыс істеуге әрекеттенбейді.

 
 
 
     

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 309 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: