12:07
Жетістіктің жүз қадамы

19-ҚАДАМ: ПЕССИМИСТ

Өзіне де, өзгелерге де сенімсіз адамдар – жанжалшыл келеді. Олар әйелдерге үстемдік жүргізуді қалайды, ешкімге, еш нәрсеге сенбейтін әйелдердің әуелі ұяты қашады, сосын олар өтірік айтып, алдауға көшеді.

Пессимист мінезді адамдар өмірде табысқа жетуі екі талай. Өйткені олар әр істе белгілі бір қиындықтарды көріп тұрады. Пессимист мінезді адамдар мүмкіндікті көріп тұрып, қиындық, яғни проблема, тауып алады.

Оларға барлық і қиын болып көрінеді. Қорқыныш, өзіне сенімсіздік, тәуекелге бара алмайды, жылаңқы болып келеді, тіпті жалқау да болып келеді. Егер де сіздің бойыңызда осындай пессимистік қасиеттеріңіз бар болса, онда бұдан дереу құтылу, айығу жолдарын қарастырыңыз. Есіңізде сақтаңыз – пессимит адам табысқа жетуі екі талай.

Пессимистік әдет адамға қайдан келеді деген сұрақ болуы мүмкін. Негізінде адам бойында пессимистік әдет, еріншектіктің болуымен жатқызуға болады. Өйткені еріншек адамдар пессимистер секілді әр істе бір қиындық көріп, істі қиындатады. Пессимист мінезді адамдар еріншек, жалқау адамдармен бір қатарда.

Пессимистік дертінен қалай құтылуға болады деген сұрақ та болуы мүмкін. Оның бірден-бір жолы өз өміріңе 100 пайыз жауапкершілік алу. Осы жауапкершілік алғаннан бастап сіздің бойыңызда, өз өміріңізге жауапкершілік туындағандықтан, сізде еңбеқорлық, пайдасыз істерден бас тарту, өміріңе мақсат қою, жоспарлар жазу сияқты адамға үлкен пайда беретін нәрселер бойыңызға сіңе бастайды. Өз өміріңізге өзіңіз үлкен жауапкершілікпен қарап, өмірге жеңімпазша қарай біліңіз. Сонда сіз жетпейтін жетістік болмас.   

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 315 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: