14:11
Жетістіктің жүз қадамы

15-ҚАДАМ: МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАҒДАЙ

Ақша өмірдегі басты нәрсе емес, ал ол сізде жетіспесе басты нәрсеге айналуы мүмкін.

Сіздің материалдық жағдайыңыз – сіздің өміріңіздің басты керекті элементтерінің бірі. Қазір көп нәрсе ақшаға келіп тіріледі. Күнделікті жейтін асыңыз, жолыңыз, киіміңіз, жүріп тұруыңыз, керек-жарағыңыз – бәрі де сол материалдық жағдайыңызға байланысты. Сіздің өміріңіздің сапасын анықтайтын бес нәрсенің біреуі – сіздің материалдық жағдайыңыз.

Сіз қаржылық қыспақтасыз ба? Одан қалай құтылуға болады? Бұл қазіргі қоғамдағы басты проблемалардың бірі болып табылады. Айталық, елдегі айлықтың орташа деңгейі 150000 теңге шамасында, ал бұл көрсеткіш кейбір отбасыларда 50000, 60000 теңге маңайында ғана. Әр отбасында екі адамнан жұмыс істегенде орташа үлес 150000 теңге деп алсақ, бұл ақша үлесі сізді қаржылық қыспақтан, материалдық жағдайыңыздың реттелуіне жеткілікті деп айта алмаймыз. Өйткені күнделікті ішер асыңыз, жүрер жолыңыз, керекті заттарыңыз, коммуналдық төлеміңіз, бала-шағаның балабақшасына, балалардың оқуына немесе студент балаңыз болса, ол ақылы бөлімде оқыса, осы сияқты барлық адамда кездесетін қаржылық сұраныстан, қаржылық еркіндікте бола аламыз ба? Әрине, жоқ. Қысып, үнемдеп, қарызданып, одан қалса, несие алып оны төлеумен басымыз қатады.

Әрине, айлығымыз 500000 теңге болса, онда еркін өмір сүруге болар еді. Шалқып басып, соңғы үлгідегі киімдерді, телефондарды немесе шетелде қыдырмасақ та еркін өмір сүруге болар еді. Бірақ бізде, өкінішке орай, ондай айлық алатын кісілер санаулы. Халықтың көпшілігі қаржылық қыспақта. Өйткені жаңағы айтып өткен керекті дүниелерден айлық артылуы түгілі, жетпей қалып жатады.

Материалдық жағдайымыз өзіміздің қолымызда.      

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 302 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: