19:39
Жетістіктің жүз қадамы

14-ҚАДАМ: КӨҢІЛ-КҮЙІҢІЗ

Егер сенің көңіл-күйің болмаса, өмірдің өткінші екенін ойла. Сол кезде бәрі қалпына келеді.

Адам өмірінің төртінші сапасы – сіздің көңіл күйіңіз. Мақсатқа жетуде сізге эмоцияның беретін әсері өте күшті. Сіз әрдайым көтеріңкі көңілде жүріп, әрбір бастаған ісіңізді жақсы көңіл күймен бастаңыз, ол сізге пайдасын береді. Адамның көңілі көтеріңкі болса, миыңызда домофин деген гормон бөлінеді. Бұл сізге талмай еңбектеніп, алдыға ұмтылуға мол мүмкіндік береді.

Денсаулығыңызға да берер әсері мол. Жүйке ауруларынан сақ болып, адам денесіндегі көптеген ауру түрлерінен сақтайды. Сол үшін де әрдайым көңілді болып жүріңіз. Бұның сізге берер пайдасы өте көп. Ал егер де сіз үнемі көңілсіз болып, шеге басыңыз тырысып жүретін болса, онда ойлаған мақсатыңызға жете алмайсыз және бақытты бола алмайсыз.

Көңіл-күйіңіз үнемі нашар болатын болса, денсаулығыңызға берер зияны да көп. Бастаған ісіңіз көңілсіз басталатын болса, оның орындалуы қиын болады. Сіздің көңіл күйіңіз – сіздің өміріңіз. Сол үшін де тек көтеріңкі көңіл күйде жүріңіз. Сіз көңіл күйіңізді көтересіз. Ол үшін алдымен таңғы уақыттан бастаған жөн. Таңғы уақытта дене жаттығуларын жасап, көтеріңкі әуен тыңдасаңыз, бұл сізге күні бойы көтеріңкі көңіл күймен жүруге жағдай жасайды. Көңілді болғыңыз келсе, әрдайым өкпелемеуге, кек сақтамауға, ашуланбауға тырысыңыз. Бұл өзіңіз үшін өте пайдалы.

Егер бақытты өмір сүргің келсе, кешірімді болыңыз. Сіздің көңіл-күйіңіз – сіздің өміріңіз. Адам өмірінің сапасы оның көңіл күйімен өлшенеді. Яғни бұл адам өмірінің сапасын анықтайтын бес нәрсенің төртіншісі болып табылады. Сол үшін де әрдайым күліп жүріңіз, айналаңызға көтеріңкі күймен, әлемге қуанышпен қараңыз.      

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 318 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: