10:08
Жетістіктің жүз қадамы

13-ҚАДАМ: БІЛІМ

Тіпті қытайдан болса да білім алуға ұмтыл, өйткені білім алуға әрекеттену – әрбір діндардың парызы.

  • Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

Сізді мақсатыңызға жетелейтін басты күштің бірі – ол сіздің біліміңіз. Сіз адаспай қойған мақсаттарыңызға тез жете білуде заманауи білімдерді меңгерсеңіз, жоспарыңыздың оңай орындалуына жағдай жасайды. Заманауи білім дегеніміз олар компьютерді жақсы меңгеру, Интернетті жақсы пайдалану сіз интернеттен керекті бүкіл мағлұматтарыңызды таба аласыз. Бастысы – дұрыс пайдалансаңыз болды. Айталық, сіз кәсіпкерсіз, сіздің тауарларыңыздың өтуі қиындап жатса, оның шешімін табуға болады. Оны осы заманауи білімдерді пайдалану арқылы шешесіз. Затыңызды өткізу үшін сіз интернетті дұрыс пайдалана білсеңіз болды.

Сіз тауарыңызды 1-2 күннің ішінде 100000 адамға дейін немесе одан да көп, 500000 адамға дейін, тіпті, миллион адамға дейін көрсете аласыз, бұған тым көп ақша да кетпейді, есесіне сіз тауарыңызды жарнамалап аласыз. Осы сияқты кәсіпкерлікке болсын, болмаса басқа салаға болсын, болмаса өзіңіздің дамуыңызға болсын, жалпы білімді жинаңыз. Бұл сізге мәңгілік қызмет етеді.

Таза пайдалы инвестиция ол сіздің біліміңізге салған инвестицияңыз болып табылады. Себебі сіз, айталық, киім алдыңыз, ол белгілі уақытты ескіріп, жаңасын алуға тура келеді немесе сіз бір көлік алдыңыз, ол белгілі уақыттан кейін ескіріп жаңасын аласыз немесе сіз тамақтануға инвестиция құйдыңыз, бұл да сізге уақытша болады.

Ал білімге құйған, өзіңізді дамытуға құйған инвестицияңыз мәңгілік болады. Сіз еш уақытта жинаған біліміңізге өкінбейтін боласыз, қандай білім игерсеңіз де ол сізге кез келген уақытта қызмет ететін болады. Айталық, білім түрлерін игергенде бизнес жайлы, мотивациялық, психологиялық, әлемге танымал тұлғалардың өмірбаянын, салауатты өмір салтына қатысты, мақсатты қалай жүйелеу керек секілді немесе әлемге танымал тұлғалардың кітаптарын оқыңыз. Бұл сізге өойған мақсаттарыңызға жетуге таптырмас күш болады.

Діни біліміңізді де арттырыңыз, бұ лсіздің рухани санаңызға керемет әсер етеді, жан дүниеңіз тазарып, жамандықтан аулақ болып, тек жақсылық ойлайтын қанағатыңыз бар мейірімді жақсы адамға айналасыз. Діни біліміңізді арттырғыңыз келсе, онда сіз Құран Кәрім кітабын оқыңыз. Бұл қасиетті кітапта бүкіл түсінік жазылған. Себебі бұл кітап адамнан емес, Алладан түскен кітап болғандықтан, ешқандай кем-кемістік таба алмайсыз.

Сонымен бірге Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірбаянын және хадистерін оқып шығыңыз. Бұл да адам баласының қателеспей, түзу жолмен жүруіне керемет септігін тигізеді. Жалпы өзіңіздің біліміңізді арттырыңыз. Айталық, саясатқа қатысты, экономикаға қатысты немесе әлемдегі өзіңізге ұнайтын мемлекеттердің экономикалық, мәдени жағдайын, географиялық жағдайы секілді ақпараттарды жинаңыз, бұл сізге керемет әсер етеді. Бастысы – жігерңіз таймасын.

Өзіңізді дамытуда әлемге танымал адамдардың өмірбаянын оқыңыз, олардың стратегиялық өмір жолын оқыңыз, «ұлылар ұлыларға тартады» дегендей сіз кімдерді ардақ тұтып, солардың өмірлік стратегиясын оқысаңыз, соларға тартыласыз. Бұл – заңдылық. Айталық, Бил Гейтс, Стив Джобс, Дональд Трамп, осы сияқты әлемге танымал адамдардың еңбектерін жиі оқыңыз, бұл сізге өз пайдасын береді.

Қандай білім игерсеңіз  де, мейлі ол саясат, экономика немесе бизнес, мотивациялық болсын, сізге тек пайдасын береді. Ұмытпаңыз ең пайдалы инвестиция, ол білімге салынған инвестиция, ол сізге өмір бойы қызмет етеді. Заманауи технологияның дамыған уақыытнда білім жинау оңайланады. Айталық, сіз бизнеске қатысты біліміңізді арттырғыңыз келсе, бейнероликтер немесе аудио кітаптар арқылы керегіңізді таба аласыз. Бұл әрине кітап оқығаннан жеңілірек болады. Айталық, сіз мотивацияңызды арттырғыңыз келсе, әлемге танымал бизнес тренер, мотиватор Энтони Роббинстің бейнероликтерін көрсеңіз болады.

Бұл сізге мақсатыңызға ерінбей еңбектенуге зор шабыт береді. Біздің өміріміздің қазақстандық бизнес тренелеріміз де бар.

Сіз еш уақытта жинаған біліміңізге өкінбейтін боласыз, бұл сізге мәңгілік қызмет етеді.  

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 317 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: