22:22
Жетістіктің жүз қадамы

11-ҚАДАМ: ДЕНСАУЛЫҚ

Адам өміріндегі бақыттың 90 пайызы денсаулығына байланысты

Денсаулық – сіздің өміріңіздің басты байлығы. Оны ешқандай нәрсемен айырбастап ала алмайсыз.

Денсаулығыңызды күту үшін ең алдымен зиянды нәрселерден бас тартуымыз қажет. Олар: ішімдіктер, темекі, газдалған сусындар, қанты көп тағамдар, уақытылы ұйықтамау, аз қимылдау, уақытылы тамақтанбау, ғаламторда бей-берекетсіз отыра беру, осы сияқты нәрселер денсаулықтың жоғалуына алып барады.

Сіз денсаулығыңызды қалай күтесіз? Әрине, денсаулық сіздің өмірдегі басты байлығыңыздың бірі болғандықтан, оны күтіп ұстаған жөн. Денсаулығыңызды жақсы ұстау үшін ең алдымен салауатты өмір салтын ұстану қажет. Ол үшін тамақтану жүйесін ретке келтіріңіз, майлы тәтті зиянды тағамдардан бас тартыңыз, жеміс-жидектерді жеңіз, ағарғанды жиі ішіңіз, қымыз немесе қымыранды аптасына үш-төрт рет ішіп тұрыңыз. Бұл сіздің денсаулығыңызға өте пайдалы.

Уақытылы ұйықтап, ұйқы режимін ретке келтіріңіз.

Спортпен айналысыңыз. Ең жақсысы – жеңіл спорт түрлері: жүгіру, жүзу және жеңіл гимнастикалық жаттығулар. Күніне таңғы уақытта 3 шақырымға дейін жүгіріңіз. Бұл сізге күні бойы керемет атмосфера қалыптастырады. Уақытылы тамақтаныңыз. Әсіресе, таңғы уақыттағы тамақтанудың орны ерекше. Түскі және кешкі уақытта да уақытылы тамақтаныңыз. Кешкіге аса ауыр тамақтанбаңфз. Бұл ағзаңызға зиян және де семіздікке, ұйқының дұрыс қанбауына апарады. Кемінде кешкі астан соң 2 сағаттай жатпаңыз. Бұл өзіңізге пайда болады.

Өз денсаулығыңызды 6 ай сайын тексертіп тұрыңыз немесе жылына бір рет болса да денеңізді түгелдей тексертіңіз. Бұл көп уақытыңызды да алмайды. Ары кетсе 1 күн уақытыңыз бен кішкене қаржыңыз кетер, бірақ сіз басты байлығыңыз денсаулығыңыздың сапасын білетін боласыз.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 313 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: