20:44
Жетістіктің жүз қадамы

9-ҚАДАМ: МОТИВАЦИЯ АЛА БІЛІҢІЗ

Мақсатқа жетуде сізге мотивацияның берер әсері мол болады. Ал біз мотивацияны қайдан аламыз? Негізінде мотивация алудың жолдары көп, бірақ оның бірегейі армандарыңызды ойлау арқылы, бұлай алынған мотивация ерекше болады. Айталық, сіз ойша ойлаңыз, он жылдан кейін қандай жағдайда боламын, не істеп жүрмін, шетелде демалып, теңіз жағасында немесе үлкен керемет сұлу қалаларда демалып жүрсіз бе, отбасыңыз қалай, қандай көлікте жүрсіз, қандай үйде тұрып жатсыз, жақындарыңызға қалай көмектесіп жатырсыз, осы секілді өзіңізге ұнайтын өмірді ойлаңыз, бұл сізге зор мотивация береді.

Мақсатқа жетуге итермелейтін қорқыныш мотивациясын да алып көріңіз. Мұнда да сіз он жылдан кейін қандай жағдайдасыз, сіз қаржылық қыспақтасыз ба, әлі де тиын санап жүрсіз бе, әлі де жеке көлігіңіз жоқ, автобуспен жүрсіз бе, жағдайыңыз қиын, күндік асыңызды әрең тауып жүрсіз, үйіңіз жоқ, сол жалдамалы пәтерде тұрып жатсыз ба, бала-шағаңыз алдыңыздан шығып, «папа-мама маған осындай зат алып беріңізші, ана баланың папасы алып беріпті, маған да алып беріңізші» деп тұрғанда, сіз ала алмай тұрсаңыз, осы сияқты өзіңізге қорқыныш ұялататын жағдайды ойлап қорқыныш мотивациясын алсаңыз бұл сізге өз ықпалын беретін болады.

Сіз осыны санаңызға енгізгенде сіз таңғы тәтті ұйқыдан атып тұратын боласыз, істеу керк істерді атқарып болашағыңызға жоспар құрып, оны орындауға көшесіз, өйткені сіз ойша ойладыңыз, болашақтағы жағдайыңызды бұл сізге қорқыныш сезімін беріп, талмай еңбектенуге ықпал етуге болады. Тағы да мол сізге беретін мотивация ол бүкіл жазған мақсаттарыңызды өзіңіздің бөлмеңізге баннерге жаздыртып іліп қойыңыз, сіз оны күнде оқып зор мотивация алатын боласыз немесе блокнотыңыздың бір шетіне немесе компьютеріңізге вордқа жазып қойыңыз, бұны міндетті түрде жиі оқып тұрыңыз, бұл сіздің миыңыздағы миллиардтаған клеткаларыңызға сіңіп, алдыға қарай ұмтылатын боласыз, сіз мақсатсыз емес, мақсатты адамға айналасыз.

Мынаны естен шығармаңыз: «мақсат қойсаңыз, оған жетесіз не жетпейсіз», ал мақсат қоймасаңыз, оған жету мүмкіншілігі жоқ болып табылады. Сол үшін де мақсатыңыздың жүйелі болуына баса назар аударыңыз.

Тіпті жүз талпыныстан кейін де, үмітті үзбеу керек. Себебі жүз біріншісі өміріңді толықтай өзгертуі мүмкін!

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 326 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: