12:12
Жетістіктің жүз қадамы

7-ҚАДАМ: АРТЕФАКТ ҚОЙЫҢЫЗ ӨЗІҢІЗГЕ

Егер де бойыңызда мақсаттарыңызға жетуге деген кішігірім қорқыныш болса, онда өзіңізге артефакт қойыңыз. Артефакт – өзіңізді мақтау-мадақтау, өзіңізді демалдыру. Бұдан сіз жаныңызға рақатқа бөленуді аласыз. Осылай сіз мақсатқа жетуде өзіңізге қорқыныш сезімін алып және де артефакт рақат сезімін алып мақсаттарыңызды орындайсыз. Бұл екеуі де сізге мақсатыңызға жетуде үлкен рөл атқарады. Осылай сіз мақсаттарыңызды жүйелеп орындайсыз, әрине біз сізге бүкіл мақсатыңызға декларация қабылдаңыз демейміз, тек өзіңіз орындай алмай қаламын-ау деген қорқыныш сезімі бар мақсаттарыңызға қолдансаңыз болады. Бұл мақсатты орындауда жақсы көмекші жолдардың бірі болып табылады. Бастысы – өзіңізге, мақсаттарыңыздың орындалатынына сеніңіз. Қорықпаңыз. Тек алға қарай ұмтылыңыз. Еңбектеніңіз.

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен білімің екі жақтап» деген Абай атамыздың нақылын алып қарасақ, еңбек, ақыл мен өзіңе сену ғана бар мәселенің жауабы дейді. Артефакт қоюдың маңыздылығы не үшін деген сұрақ та болуы мүмкін. Артефакт қоюдың маңыздылығы – адам көптеген мақсаттары қойғандықтан олардың бәріне біртіндеп қол жеткізеді. Сол бірнеше мақсатына жеткен соң адамның миында шаршау және жалығу процесі болады. Мен осы ойлаған мақсаттарымды бітіріп жатырмын, бірақ маған рақат сезім бөлінбегендіктен адамның миы шаршайды. Сондықтан белгілі бір мақсатыңызды аяқтағанда өзіңізге рақат сыйлайтын іспен айналысыңыз, ол сіздің миыңызға рақат сезімін беріп, келесі мақсаттарыңыздың орындалуына, ерінбей ойлануға жағдай жасайды.

Мысал ретінде ұсынылған артефакттар:

Артефакт қою

Артефактты орындау

Егер жүгіруді ойлағандай деңгейге апарсам

Киноға барамын немесе бір жерге барып демалып қайтамын

Егер 5 кітапты оқысам

Өзіме бір киім аламын

Егер 30 күнде мінезімді дұрыстасам

Өзіме ұнайтын затымды сатып аалмын

Егер 30-ға жуық адамға көмектессем

Өзіме ұнайтын жерге барып демалып қайтам

Егер таңғы 6-да үнемі тұратын болсам

Өзіңізге рақат сыйлайтын істі жасайсыз

Осы секілді орындаған істеріңіз

Өзіңізге рақат сыйлайтын істі жасайсыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 319 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: