15:21
Жетістіктің жүз қадамы

6-ҚАДАМ: ӨЗІҢІЗГЕ ДЕКЛАРАЦИЯ ҚАБЫЛДАҢЫЗ

Адам қай уақыттан бастап өзіне жауапкершілікті алып өзіе сенсе, ол сол күннен бастап жеңіс жолына түседі.

Мақсатқа жете білуде жақсы көмектесетін тәсіл – декларация қабылдау болып табылады. Бұл жердегі декларацияға келетін болсақ өзіңе серт қабылдау болып табылады. Адам қай уақытта өзіне жауапкершілік алған уақыттан бастап, ол даму жолына және жетістік жолына түседі. Бұл ұлы ғұламалардан қалған сөз. Сонымен декларация қою жағына келетін болсақ. Сіз декларацияны жай ғана қабылдап қоймай достарыңызға, туыстарыңызға, айналаңызға жария етіп іске асыруға көшесіз, бұл сізге жауапкершілік әкеледі. Өйткені сіз декларацияны белгіленген уақытта орындай алмай қалсаңыз өзіңізге сөздік құнды белгілейсіз. Сөздік құн дегеніміз – өзіңе қиындық туғызатын істерді жасаймын деп уәде беру. Егерде өз мақсатыңызға жете алмай қалсаңыз, бұл сізге жауапкершілік беріп мақсатты орындауға көмектеседі. Бұл жерде ескеретін бір нәрсе, міндетті түрде әрбір мақсатыңызға декларация қою шарт емес. Тек бұл қолданыстан өткен тәжірибе болғандықтан, қазіргі таңда қолданылып жатыр. Тек бұның артықшылығы сізге бойыңызға қосалқы күшті беретін болғандықтан, ойға алынған жоспарлардың тезірек орындалуына да өз ықпалын береді.

Мысал ретінде ұсынылған декларациялар:

Декларацияларыңыз

Декларацияны орындай алмағанда атқаратын істеріңіз

Осы айдың аяғына дейін жүгіруімді 10 км қашықтыққа жеткіземін

Өзіңізге қиын тиетін істі жасайсыз

Осы алдағы 30 күнде 5 кітап оқимын

Өзіңізге қиын тиетін істі жасайсыз

Осы алдағы 30 күнде мінезімді жақсартамын

Өзіңізге қиын тиетін істі жасайсыз

Осы 30 күнде 30 адамға көмектесемін. Кез-келген қажеттілік бойынша

Өзіңізге қиын тиетін істі жасайсыз. Орындай алмай қалсаңыз декларацияны, міндетті түрде жасаңыз. Ендігі жолы істі аяқтауға мүмкіншілігіңіз көп болмақ

Осы алдағы 30 күнде салмағымды 5 кг қосамын немесе азайтамын

Өзіңізге қиын тиетін істі жасайсыз

Осы алдағы 30 күнде таңғы 6-да тұрам

Өзіңізге қиын тиетін істі жасайсыз

Осы 1 айда немесе 2 айда деп істеріңіздің уақытын қоясыз

Өзіңізге қиын тиетін істі жасайсыз

 
 
 
     

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 328 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: