03:01
Жеңісті сәттер

Мектептегі спорт

КӨҢІЛДІ ЖАРЫСТАР КӨРІГІ

Жақында ғана Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде дене тәрбиесінен сабақ жүргізетін аса тәжірибелі ұстаз Түсіпов Сүйіндік Досжанұлының ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылары арасында көңілді жарыстар өткізілді.

Жарысқа 7 сынып оқушыларынан құрамдала іріктелген «Қырандар» һәм 8 сынып оқушыларынан сайланап жасақталған «Жұлдыздар» командалары өзара тартысқа түсті.

Он бес кезеңнен тұрған жарыстар барысында жеңімпаз атануға талпынған командалар жылдам жүгіру, шапшаңдық, нысанаға деген дәлдік, командалық рух һәм бірлік жағынан жігерге, тартысқа, қайратқа, намысқа, қайсарға толы додаға білек күшімен кірісіп кетті. Оқушылармен бірге қос сыныптың жетекшілері Сейітова Л.Қ. мен Байханова А.Т. белсенділік таныта аянбай ат салысты.

Жарыстың соңына дейін тартысқан қос команда ұпай қорын молайту жағынан бір-біріне жол бермей, мәре сызығын алма-кезек бірінші болып сызып келді. Жеңімпаз тағдыры тек соңғы кезеңде ғана шешілді де, жарыстар жеңімпазы болып «Жұлдыздар» командасы танылды.

Жанкүйерлік танытқан көрермендер қос топқа қосымша күш берумен бірге, дода үдерісінде болған қайталанбас қызықты көріністерге көз салып, көтеріңкі көңілмен әрі шаттанды, әрі сүйсінді, әрі тамсанды.

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 1107 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: