10:49
Жадыда жүрсің жатталып...
Білгенге – маржан Елтаңба дегеніміз не? Негізі, «Герб» сөзі неміс тілінен аударғанда «ербо» –мұра деген мағынаны білдіреді. Ал дәл осы ұғымды тіліміздегі «таңба» деген сөз анық жеткізеді. Бұл әрбір елдің, қаланың, әрбір рудың, жеке адамның бейнесі белгіленген шартты және ерекшелік белгісі. Елтаңба иесінің тарихымен тығыз байланысты болады. Елтаңба сол елдің заңына байланысты анықталады және заң бойынша бекітіледі. Геральдика (елтаңбатану) және вексилология (тутану) атты ғылым салалары өмірге келгелі бірнеше ғасыр өтті. Бұл жөнінде алғашқы кітаптар ХVІ ғасырда-ақ белгілі болған. Француз тарихшысы Менестрэ 1650 жылы осы мәселені үңгіп жазған үлкен еңбегі үшін елтаңбатану ілімінің атасы атанды. Алғашқы елтаңбалар қашан пайда болған? Алғашқы нышандарға жататын тотемдік белгілер әлемнің барлық халықтары арасында кең тараған. Негізінен, жануарлар бейнесі кескінделген бұл тұмаршалар белгілі бір рулар мен тайпалардың ортақ рәмізіне айналды. Олардың қай қоғамдастыққа жататынын сол тұмаршаларға қарап ажырататын болды. Кейінірек көсемдер мен рубасыларының билік белгілері ретінде бір уыс шөп, жапырақ, құстың қауырсын қанаты, айрықша әшекейлеп жасалған бас киім және басқа нышандар пайдаланылды. Олардың орнын найза, әшекейлі бақандар мен түрлі темір салпыншақтар басты. Геральдика сөзі нені білдіреді? Геральдика латын сөзінен аударғанда елтаңбатану дегенді білдіреді. Ең алғашқы геральдикалық белгілер қайда бейнеленген? Ұлы Гомер әйгілі Троя шайқасына қатысқан әскерлердің қалқандарындағы белгілер туралы баяндаса, Эсхил жауға қарсы соғыс ашқан жауынгерлердің қалқандарындағы нышандарды талдап жырлайды. Келе-келе, алғашқы әскери байрақтар пайда болды. Темір бақан басына, найзаның ұшына немесе ағаш таяқтарға өздері сиынатын құдайларының немесе әулие тұтатын жануарлардың бейнесін іліп шығатын болған. Оларда қанатты Пегас, Минотавр, тасбақа мен үкі бейнелері кездеседі. Кир (ХІІ ғ.) алтын қанатты қыран бүркіт бейнесін жеке таңбасы ретінде пайдаланған деседі. Дегенмен, қазіргі жалаулар мен тулардың түп атасы дерлік алғашқы байрақ көне Азия топырағында, бұрын көшпелі ата-бабаларымыз аралас –құралас өмір сүрген ежелгі Қытай жерінде дүниеге келген деседі. Чжоу әулеті билік жүргізген б.з.д. ХІІ ғасырда желбіреген тұңғыш байрақтар түсі де бізге таныс-ала болған. Кейіннен ежелгі Үнді жерінде көтерілген қызыл, жасыл түсті әскери байрақтардың ұшы үшкілденіп келетін де, ортасына сары бояумен әр түрлі киелі жануарлардың бейнесі салынатын. (жалғасы бар) жиған-терген ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ http://www.shakhibbeker.ucoz.kz
Просмотров: 1389 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: