12:49
Жаңа жылдарңызбен!
Сіздерді Жаңа 2011 жылдарыңызбен құттықтаймыз!
Ел болашағының тірегі болатын өскелең жас ұрпақты оқытып, тәрбилеуде сіңірген еңбектеріңіздің еленбей қалмайтыны бәрімізге белгілі. Ертеңгі күні Сіздер тәрбиелеп өсірген азаматтар елімізді ілгері дамытып, Қазақстан мемлекетінің көркейіп – гүлденуіне, әлемге танылуына ықпал ететіні айдай анық.
Келер 2011 жылы да өз білімдеріңізбен барлық жақсы қасиеттеріңізді шәкірттер бойына дарытып, олардың жан-жақты білімді азамат болып қалыптасуына Сіздер себепкер болады деген сенімдеміз. Өтіп бара жатқан ескі жыл жүректеріңізбен ойларыңызда тек қана жақсы да жылы сезімдерін қалдырсын.
Жаңа 2011 жыл әр шаңыраққа бақыт сыйласын, әр жанұяға ырыс–береке дарытсын, еліміз тыныш, халқымыз аман болып, бiздiң мұғалiмдер қауымына мол қуаныш, зор денсаулық, жаңа табыстар әкелсiн!
Білім беру саласындағы істеріңіз еленіп, алға қойған мақсаттарыңыз орындала берсін!
Просмотров: 856 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: